Жазғы трансфер мерзімінің уақыты белгіленді

Жазғы трансфер мерзімінің уақыты белгіленді

Қазақстан футбол федерациясының төтенше жағдай комитеті алдағы жазғы маусымдағы футболшылардың ауысым уақытын белгіледі. Бұл туралы КФЛ ресми сайты хабарлап отыр.

«Ауысым уақыты ФИФА талаптарына сай 4 апта аралығын қамтиды. Премьер-лига мен бірінші лига клубтары үшін трансфер кезеңі 11 маусым мен 8 шілде аралығында ашық болады» - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда премьер-лиганың ХІІ тур ойындары қорытындысы бойынша Владимир Никитенко жаттықтыратын «Ақтөбе» командасы көш бастап келеді. Ал бірінші лиганың VII тур ойындарынан кейін бірінші орында ақтаулық «Каспий» командасы тұр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:pfl.kz

Ө. Сансызбай