«Бавария» Германия кубогын иеленді

«Бавария» Германия кубогын иеленді

Германия кубогының финалына шыққан мюнхендік «Бавария» қосымша уақытта дортмундтық «Боруссияны» жеңді. Осылайша өз тарихында 17-ші рет бұл жеңіс шыңынан көрініп отыр.

Ойынды Хосеп Гвардиола командасы шабуылмен бастады. Алғашқы сәттерден-ақ Томас Мюллер мен Арьен Роббенде есеп ашуға мүмкіндіктері болды. Алайда пайдалана алмады. 30 минутта Филипп Ламды алмастырған Франк Рибери алғашқы тайм аяқталар тұста қауіпті сәт тудырды.

Екінші таймда да  өзгеріс орын алмады. Тек Хуммельс тудырған соққы голға айналуға аз ғана қалды. Ол сәтте Данте командасын жеңілістен құтқарып алды. Бір қарағанда қақпа ішінен қайтарғандай да болып көрінді. Осылайша ойынның негізгі уақытында өзара мықтыны анықтай алмаған клубтар қосымша уақытқа жүгінді. 107 минутта Арьен Роббен есеп ашты. Ал бұл сәтте Вайденфеллер дәрменсіз болып шықты. Қосымша кезеңге қосылған қосымша уақытта Томас Мюллер есепті еселеп кетті.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай