«Барселона» Мессимен келісімге келгенін хабарлады

«Барселона» Мессимен келісімге келгенін хабарлады

Каталондық «Барселона» командасы Лионель Мессимен жаңа келісімге келгенін хабарлады. Бұл туралы клуб ресми сайтында ақпарат таратты.

Жаңа келісімнің шарттары жақын күндері белгілі болады. Осыған дейін клуб аргентиналық сұрмергенге жылына 13 миллион еуро төлейтін еді. Ал бұл жалақыға көңілі толмаған Месси жылдық табысын жоғарылатуды команда басшылығына ұсынған болатын. Енді соңғы уақытта келісімге келе алмай жүрген «Барселона» футболшыға жылына 20 миллион еуро төлеуі бек мүмкін. Егер дәл осындай көлемдегі қаржыны Месси қалтасына басар болса, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшылардың көшін бастайтын болады. Әзірге футболшы бұл қатардың бесінші сатысында келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында Испания чемпионатын 6 рет, Чемпиондар лигасын 3 рет жеңіп алды.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ria.ru

Ө. Сансызбай