Ширек финал жеребесі тартылатын уақыт белгіленді

О Сансызбай Корреспондент
Ширек финал жеребесі тартылатын уақыт белгіленді

Футболдан ел кубогының ширек финалына шыққан командалар 14 мамыр күні анықталған болатын. Бүгін кәсіби ел футболы лигасының төрағасы Михаил Гурман твиттердегі жеке парақшасында жеребе уақытын хабарлады.

БӨЛІСУ

Ширек финалдың жеребе тарту рәсімі 22 мамыр күні сағат 11:00-де Астана қаласындағы Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде өтетін болды. Бір ғана кездесуден тұратын ойындар 18 маусым күні өтіп, жартылай финалға шыққан командалар анықталады.

Естеріңізге сала кетсек, 1/4 финалға «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Ертіс», «Қайрат», «Тараз», «Тобыл» және «Шахтер» командалары шыққан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет;vk.com