"Ливерпуль" – маусымның ең көп табыс тапқан командасы

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
"Ливерпуль" – маусымның ең көп табыс тапқан командасы

Англия премьер-лигасының 2013/2014 маусымында ең көп табыс тапқан команда болып мерсисайдтық "Ливерпуль" клубы танылды. Бұл туралы "Р-Спорт" ақпараттық порталы хабарлап отыр. 

БӨЛІСУ

Биылғы маусымдағы "Ливерпульдің" табысы 97,5 миллион фунт стерлингті құраған. "Ливерпуль" премьер-лиганың басқа 19 командасы секілді 52,2 миллион фунт стерлингті Англиядағы ойындардың шетелдерде көрсетілуінен және жарнамалардан тапқан. Бұдан басқа 21,9 миллион фунт стерлинг "Ливерпульдің" 28 ойыны тікелей эфирден көрсетілуі нәтижесінде түскен табыс. Англия чемпионатында екінші орын алғаны үшін тағы 23,5 миллион фунт стерлинг иемденген.

Соңғы үш жылда екі рет Англия чемпионы атанған "Манчестер Сити" 96,5 миллион фунт табыс тауып, екінші орынға орналасқан екен.

Үздік үштікті 94,1 миллион фунт табыспен "Челси" командасы қорытындылап тұр. Естеріңізге сала кетсек, биыл "Челси" қола медальға қол жеткізген болатын.

Табыс тапқан командалардың толық тізімі төмендегідей:

1. "Ливерпуль" - 97,5 миллион фунт стерлинг

2. "Манчестер Сити" - 96,5

3. "Челси" - 94,1

4. "Арсенал" - 92,9

5. "Тоттенхэм" - 89,7

6. "Манчестер Юнайтед" - 89,2

7. "Эвертон" - 85

8. "Ньюкасл" - 77,4

9. "Саутгемптон" - 76,9

10. "Сток Сити" - 75,7

11. "Суонси" - 74,2

12. "Вест Хэм" - 73,7

13. "Кристал Пэлас" - 73,2

14. "Астон Вилла" - 72,7

15. "Сандерленд" - 71,7

16. "Халл Сити" - 67

17. "Вест Бромвич" - 65,8

18. "Норвич" - 64,6

19. "Фулхэм" - 63,3

20. "Кардифф Сити" - 62,1.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: rsport.ru