Франция құрамасының құрамы белгілі болды

Франция құрамасының құрамы белгілі болды

Бразилия еліндегі әлем чемпионатында бақ сынайтын Франция құрамасының құрамы белгілі болды. Франция командасының бас бапкері Дидье Дешам «мундиальда» өнер көрсететін ойыншылардың тізімін жариялады.

Бір қызығы – бас бапкер Дидье Дешам жариялаған 23 футболшының қатарына Англия чемпионы «Манчестер Сити» командасының жұлдызы Самир Насри енбепті. Бұл туралы қазір ғаламторда үлкен талас-тартыстар  орын алуда. Осы жылы «Манчестер Сити» сапында тамаша өнер көрсеткен, тіпті соңғы шешуші ойында гол соққан Самир Насридің құрамаға алынбауының себебін түсінбей жатқандар көп.

Франция футболшылары «Е» тобында  Швейцария, Эквадор және Гондурас елдерінің құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Толық тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Уго Льорис («Тоттенхэм», Англия), Стив Манданда («Марсель»), Микаэль Ландро («Бастия»);

Қорғаушылар: Матье Дебюши («Ньюкасл», Англия), Люка Динь («ПСЖ»), Патрис Эвра («Манчестер Юнайтед», Англия), Лоран Косьельни («Арсенал», Англия), Элиаким Мангала («Порту», Португалия), Бакари Санья («Арсенал», Англия), Мамаду Сахо («Ливерпуль», Англия), Рафаэль Варан («Реал», Испания);

Жартылай қорғаушылар: Йоан Кабай («ПСЖ»), Клеман Гренье («Лион»), Блез Матюиди («ПСЖ»), Рио Мавуба («Лилль»), Поль Погба («Ювентус», Италия), Мусса Сиссоко («Ньюкасл», Англия), Матье Вальбуэна («Марсель»);

Шабуылшылар: Карим Бензема («Реал», Испания), Оливье Жиру («Арсенал», Англия), Антуан Гризманн («Реал Сосьедад», Испания), Лоик Реми («Ньюкасл», Англия), Франк Рибери («Бавария», Германия).

Жоғарыдағы ойыншылар жарақат алып қалған жағдайда, орындарын ауыстыратын қосалқы құрамдағы 7 ойыншы:

Стефан Руффье («Монако»), Лоик Перрен («Сент-Этьен»), Максим Гоналон («Лион»), Морган Шнедерлен («Саутгемптон», Англия), Бенуа Тремулина («Динамо», Киев), Александр Лаказетт («Лион»), Реми Кабелла («Монпелье»).

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионаты 12 маусым күні жалауын көтереді. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Ұқсас жазбалар:

Босния және Герцеговина мен Гондурас құрамаларының тізімі 

Бразилия құрасының тізімі

Португалия, Мексика, Ресей, Англия, Жапония құрамаларының тізімі

Н. Айдархан