KazSport арнасының тікелей эфирінде: АПЛ 2014/15

KazSport арнасының тікелей эфирінде: АПЛ 2014/15

KazSport телеарнасы әлемдегі ең танымал әрі беделді футбол чемпионаттарының бірінен саналатын ағылшын премьер-лигасының матчтарын тікелей эфирден трансляциялау құқығына ие болды.   

Бұл жөнінде арна директоры Диас Ахметшәріп былай дейді: «Біз негізгі келісімге қол жеткіздік. Тек ұсақ-түйек мәселелер ғана қалып отыр. Қазірдің өзінде еліміздің футбол жанкүйерлеріне ағылшын премьер-лигасының барлық матчын KazSport телеарнасынан тамыз айынан бастап тамашалай алатынын хабарлағым келеді. Біз олармен екі бірдей маусымның ойындарын көрсетуге келістік. Одан бөлек, биыл елімізде өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионаты, сондай-ақ теннистен Аустралия және Ұлыбритания ашық чемпионаттарын да көрсетпекпіз».

Айта кетейік, аталған арна елімізде болып жатқан әртүрлі жарыстардан бөлек, шетелдердегі байрақты додаларды да көрермен назарына ұсынып келеді. Мысалы, футболдан KazSport телеарнасы неміс Бундеслигасын көрсетіп келсе, келесі айдан бастап Бразилиядағы төртжылдықтың дүбірлі жарысын отандық көрерменге ұсынбақ.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sport.news.am

Б. Қосмағамбет