"Манчестер Сити" төртінші рет Англия чемпионы атанды

"Манчестер Сити"  төртінші рет Англия чемпионы атанды

Футболдан 2013/2014 жылғы маусымдағы Англия премьер-лигасын "Манчестер Сити" командасы жеңіп алды. Жаңа ғана аяқталған шешуші кездесуде Мануэль Пеллегрини шәкірттері "Вест Хэмді" 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші таймда Самир Насри мен екінші таймда Винсент Компанидың соққан голдары "қалалықтарға" жеңіс сыйлады. Осылайша "Манчестер Сити" өз тарихында төртінші рет Англия чемпионатын жеңіп алды. Екінші сатыдан "Ливерпуль" көрінсе, үштікті лондондық "Челси" қорытындылады. Ал "Норвич", "Фулхэм" және "Кардифф" командалары премьер-лигамен қош айтысты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай