Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті

Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті

Футболдан ел премьер-лигасының ХІ тур ойындары мәресіне жетті. Осылайша бірінші айналымды аяқтаған кездесулердің нәтижесін ұсынамыз.

«Спартак» (Семей) 2 – 5 «Қайрат» (Алматы)


Премьер-лигаға осы маусымда қосылған семейлік «Спартактың» жолы болар емес. Әлі жеңіс тойын тойламаған клуб бүгін де жеңіліс тапты. Өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдаған клуб 2:5 есебімен есе жіберді. Соңғы кездесулерінде сәтті өнер көрсетіп жүрген Владимир Вайсс командасы 5-ші орынға көтерілді.

«Спартак» (Семей) – «Қайрат» (Алматы) 2:5 (1:2).
Семей. «Спартак». Төреші: Болат Қарлыбаев (Орал).
Голдар: Сиссей 17 минутта пенальти (0:1), Чович 20 (1:1), Маркович 22 (1:2), Кнежевич 50 (1:3), Дарабае (1:4), Йованович 58 (2:4), Сиссей 69 (2:5).
Ескерту алды: Маркович 40, Тұрысбек 71.
«Спартак» (Семей): Даниил Рихард, Виктор Генев, Максим Азовский, Әлібек Сәкенов, Николай Дюлгеров 67 (Ілияс Әмірсейітов), Азат Ерсәлімов, Даниэль Пеев, Руслан Сақалбаев 64 (Бауыржан Тұрысбек), Бағдат Нұрлыбаев, Неманья Йованович, Неманья Чович.
«Қайрат» (Алматы): Дмитрий Хомич, Марк Гурман, Ермек Қуантаев, Александр Кислицын, Жарко Маркович 51 (Артур Едигарян), Аслан Дарабаев, Йосип Кнежевич 77 (Милош Лачны), Бауыржан Исламхан 84 (Шерхан Бауыржан), Самат Смақов, Михаил Бақаев, Момоду Сиссей.

«Атырау» (Атырау) 1 – 0 «Астана» (Астана)


Елордалық клуб екінші рет батысқазақстандық клубқа есе жіберіп отыр. Осыған дейін өз алаңында «Ақтөбеден» ұтылған-ды. Бүгін 10 ойыншымен ойнаған «Атыраудан» ұтылды. Екінші минутта ойын ережесін бұзған Майкл Одивені Ақмалхан Холматов қатаң жазалады. Жеңіске ұмтылған «Атырау» 29 минутта Милош Трифуновичтің пенальтиден соққан голының арқасында үш ұпайды өздерінде қалдырды.

«Жетісу» (Талдықорған) 1 – 2 «Қайсар» (Қызылорда)


Қызылордалық клуб соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіске жетіп, біреуін тең аяқтады. Осылайша Дмитрий Огай командасы 18 ұпаймен төртінші сатыға бір-ақ көтерілді. Бүгін Талдықорғанда жергілікті командамен кездескен «Қайсар» 1:2 есебімен жеңіске жетті. 12 минутта қонақтар қатарынан Хунт есеп ашса, 52 минутта Рауан Сариев таразы басын теңестірген-ді. 82 минутта Сергей Струков маусымдағы төртінші голын соғып, қызылордалық клубқа жеңіс сыйлады.

«Тараз» (Тараз) 2 – 1 «Ордабасы» (Шымкент)


Оңтүстіктік дербиде «Тараз» жеңіске жетті. Өз алаңында шымкенттік клубқа есе жібере бермейтін тараздық команда намысқа тырысып өнер көрсетті. Бірінші таймда алаң иелері қатарынан Аллексей Щеткин мен Илья Воротников гол соқты. Ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда Азат Нұрғалиев есепті қысқартқанымен, таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді.

«Шахтер» (Қарағанды) 4 – 1 «Тобыл» (Қостанай)


Виктор Кумыков командасы өз алаңында «Тобылды» тізе бүктірді. Ұлан Қонысбаев дубль авторы атанса, Топшагич пен Финонченко бір-бір доптан еншілеріне жазды. Қонақтар қатарынан бір голды Рауль Джалилов соқты. Осылайша Вардан Минасян командасымен екінші рет қатарынан жеңіліп отыр. Армениялық футбол маманы мұны клубтың құрамының әлсіз болуымен түсіндірді.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) 3 – 0 «Ертіс» (Павлодар)


«Ертіс» есін әлі жияр емес. Бүгін өткен маусымдағы ел чемпиондарына қонаққа барған клуб ойсырай ұтылды. Алаң иелері қатарынан Марат Хайруллин, Маркос Пизелли және Александр Гейнрих көзге түсті. Осылайша бірінші айналым қорытындысы бойынша Владимир Никитенко командасы екінші орында келе жатқан «Астанадан» 5 ұпайға озып шықты. 

 Командалар  Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай
1  Ақтөбе 11 8 2 1 18-3 26
2  Астана 11 6 3 2 14-6 21
3  Шахтер 11 6 2 3 18-9 20
4  Қайсар 11 5 3 3 12-11 18
5  Қайрат 11 5 2 4 15-10 17
6  Атырау 11 4 4 3 10-10 16
7  Ордабасы 11 4 2 5 11-12 14
8  Жетісу 11 3 4 4 8-8 13
9  Тобыл 11 3 3 5 10-16 12
10  Ертіс 11 3 2 6 11-17 11
11  Тараз 11 3 2 6 10-18 11
12  Спартак 11 0 3 8 7-24 3


Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай