Қазақстан Германиядан бір ұпай еншіледі

Ла Лига Корреспондент
Қазақстан Германиядан бір ұпай еншіледі

Хоккейден Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Қазақстан ерлер құрамасы Германиядан буллит сериясында жеңіліс тапты.

БӨЛІСУ

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. 11 минутта Қазақстан құрамасы қатарынан Андрей Гаврилин есеп ашты. Алайда бірінші кезең аяқталар тұста Маттиас Плахта таразы басын теңестіріп кетті. Екінші және үшінші кезеңдерде командалар бір-бірінен айласын асыра алмады. Нәтижесінде буллитте бақ сынаған хоккейшілер сынында немістер 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Естеріңізге сала кетсек, "В" тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасымен бірге АҚШ, Ресей, Финляндия, Германия, Латвия, Беларусь, Швейцария елдері бар. Жерлестеріміз ертең айдын иелерінің хоккейшілерімен кездеседі. 

Қазақстан - Германия 1:2 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0) 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz