«Реал» тағы ұпай жоғалтты

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» тағы ұпай жоғалтты

Испания ла-лигасы XXXVI турдан кейін чемпиондыққаүміткер ұжымдар тартысын шиеленістіре түсті. 2013/2014 жылғы маусымдағы жеңіс шыңын бағындыруға «Реалдың» зор мүмкіндігі бар-ды. Алайда «корольдік клуб» пайдалана алмады...

БӨЛІСУ

«Вальядолидте» қонақта болған Карло Анчелотти командасы 1:1 есебімен тең ойнады. Алғаш болып 35 минутта қонақтар сапынан Серхио Рамос есеп ашқан-ды. Бірақ, ойынның негізгі уақыты аяқталуға бірнеше минут қалғанда алаң иелері футболшысы Умберто Осарио таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша «Реал» чемпиондық атақтан үмітін үзді десек те болады. Өйткені, дәл қазір мадридтік  «Атлетико» қоржынында 4 ұпай бар. XXXVII турда Диего Симоэне командасы өз алаңында «Малаганы» жеңер болса, чемпиондық атақ каталондық клуб екеуінің арасында соңғы турда сарапқа салынатын болады. Егер «Барселона» түзде «Эльчені» жеңер болса...

Сонымен қатар, жақында ғана Forbes рейтингінде әлемдегі ең көп жалақы табатын футболшылардың көшін бастаған Криштиану Роналду ойын басында аздап жарақат алып, кездесуді соңына дейін жалғастырмады. Клубтың бас бапкерінің айтуынша, футболшының жарақаты аса ауыр емес екен. Келесі ойындарға шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com