"Ман Сити" 4 - 0 "Астон Вилла"

"Ман Сити" 4 - 0 "Астон Вилла"

"Астон Вилланы" 0:4 есебімен ұтқан "Ман Сити" чемпиондық тәжге бір табан жақындай түсті.

"Этихад" төрінде алаң иелері қазының ысқырығын естісімен, бірден қарсы қақпаға лап қойды. Сол арқылы жылдам гол соғудың тамаша мүмкіндігін қарастырды. Ойынның 12-минутында Яя Туре Пабло Сабалета берген пасты қақпаға дәл бағыттаған болатын. Алайда, қонақтардың қақпашысы Брэд Гузан бұл соққыны қайтара алды. 

Алғашқы қарқын еш нәтиже бермегендіктен, ойын қарқыны бәсеңдеген тұстар орын алды. "Сити" қарсы қақпаға қанша шабуыл жасап баққанмен, алғашқы минуттардағыдай табандылықпен шабуылдай қоймады. 31-минутта қонақтардың жас шабуылшысы Боури шабуылда өз мүмкіндігін байқап көрген болатын, бірақ онысынан еш өзгеріс ене қоймады. 

Бірінші таймның жарты бөлігіне ауғанда қонақтар қорғаныста жамбастап жатып алуға бел байлады. Сол арқылы үзіліске дейін "Ситидің" ойындағы есепті ашуына мүмкіндік бермеді. Осы тұста француз жартылай қорғаушысы Самир Насридің гол соғуға тамаша мүмкіндік орын алғанын айта кеткіміз келеді.  Алайда, жартылай қорғаушы үш метр жерден мүлт кетті. 

Екінші таймда ойының характері өзгере бастады. Гузон қақпасының алдындағы қорғаныс табандап жатып алса, "Сити" есепті ашуда бір кемшің осалдық танытуға айналды. 

Ақыры "Вилланың" қорғанысы сетінеді. Силваның тамаша пасын Сабалета айып алаңына асырған еді, қақпа маңында торуылдап жүрген Эдин Джеко қорғаушылардан бұрын жетіп, мачтағы есепті ашты - 1:0.

Қонақтар жинақталып үлгергенше алаң иелері есепті еселей түсті. Тағы да Сабалета қаптал бұрыштан тамаша пас асырған болатын, Насридің соққысынан қақпашы кейін қайтарған допты Джекоға қақпаға туралай салудан басқа жол қалған жоқ - 2:0.

Ойын осымен аяқталды дегендей. Тек 83-минутта қонақтар таразы басын қысқартуға тамаша мүмкіндік иеленген болатын. Вайманның соққысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Қосалқы құрамнан шыққан черногориялық сұрмерген Стеван Йоветич Туренің әдемі пасын тура қақпа бағыттаса, арада бірер минуттардан кейін ивуарлық ойыншы бүкіл алаңды кесіп өтіп, ойындағы есепті қорытындылады -4:0.

Енді чемпиондық тәжге қол жеткізу үшін, "горожандарға" "Вест Хэмге" қарсы ойында тең ойнаса да жеткілікті. 

"Манчестер Сити" (Манчестер) – "Астон Вилла" (Бирмингем) – 4:0 (0:0)

Голдар: Джеко 64’ – 1:0, Джеко 72’ – 2:0, Йоветич 89’ – 3:0, Туре 90’ – 4:0

"Манчестер Сити": Харт, Сабалета, Компани, Демикелис, Коларов,Туре, Милнер (Йоветич 60’), Гарсия, Сильва (Фернандиньо 76’), Насри,Джеко (Негредо 86’)

Қосалқы құрам: Ричардс, Клиши, Пантилимон, Лескотт

"Астон Вилла": Гузан, Лоутон, Кларк (Робинсон 79’), Влаар, Бэйкер, Бертран (Грилиш 87’), Вествуд, Эль-Ахмади, Делф, Бауэри (Бакуна 59’), Вайманн

Қосалқы құрам: Силла, Стир, Тонев, Холт

Ескертулер: Делф 56’, Кларк 74’, Йоветич 90’

Бас қазы: Оливер Майкл.
7 мамыр. "Этихад Стэдиум" стадионы (Манчестер).

Автор: Өмірбек Сансызбай 

Сурет: mcfc-fan.ru

Л. Лига