Мейвезер кезекті жеңісіне қол жеткізді

Мейвезер кезекті жеңісіне қол жеткізді

Жаңа ғана барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің ең үздік боксшысы саналатын америкалық Флойд Мейвезер чемпиондық кездесу барысында аргентиналық Маркос Майдананы ұпай санымен ұтып, өзінің 46-шы жеңісіне қол жеткізді (26-сы нокаутпен). Бокс кеші АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы (Невада штаты) MGM Grand аренада өткен еді.  

Сонымен спорттық мансабында бірде-бір рет жеңілмеген 37 жастағы Флойд Мейвезер әлемдегі ең үздік былғары қолғап шебері екендігін тағы да әлемге паш етті. Ал Маркос Майдана болса шаршы алаңда осымен 4-ші рет жеңіліске ұшарады (35 рет жеңіске жеткен, 31-і нокаутпен).

Бүгінгі болған бокс кеші үшін Флойд Мейвезердің қалтасы 32 миллион АҚШ долларына толса, Майдана тек 1,5 миллион долларды қанағат тұтпақ. Мейвезерге одан бөлек жекпе-жекті АҚШ көрермендеріне ақылы түрде таратқан Showtime телеарнасының сыйақысы да қосылатынын айта кетейік.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gorodokboxing.com

Б. Қосмағамбет