KazSport телеарнасының тікелей эфирінде: Мейвезер vs Майдана

KazSport телеарнасының тікелей эфирінде: Мейвезер vs Майдана

KazSport телеарнасы барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің ең үздік боксшысы саналатын америкалық Флойд Мейвезер мен аргентиналық Маркос Майдана арасындағы кездесуді тікелей эфирден көрсететін болды. Бұл туралы арнаның Туиттердегі парақшасында жазылды.

Сонымен спорттық мансабында бірде-бір рет жеңілмеген 37 жастағы Флойд Мейвезер мен 30 жастағы Маркос Майдана жекпе-жегі 3 мамырдан 4-іне қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас ойын-сауық қаласындағы (Невада штаты) MGM Grand аренада өтеді. Ал Астана уақыты бойынша бокс кеші шамамен таңертеңгі сағат 09:00-де басталады.

Айта кетейік, кіші Флойд Мейвезер осы күнге дейін кәсіби рингте 45 кездесу өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен. Ал 26 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Маркос Майдана болса 38 рет шаршы алаңға көтеріліп, соның 35-інде жеңіспен оралды. 3 кездесуде жеңілген. Аргентиналық боксшы 31 жекпе-жекті нокаутпен аяқтады.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: marcosvsfloydmayweather.blogspot.com

Б. Қосмағамбет