Бүгін премьер-лига ойындары өтеді

Бүгін премьер-лига ойындары өтеді

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының VIII тур ойындары өтеді. Назарларыңызға кездесулерге шолуымызды ұсынамыз.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Спартак» (Семей)

Өз алаңында сәтті өнер көрсететін шымкенттік команда премьер-лига аутсайдерін жеңуге қауқары жетеді. Бүгін жергілікті жанкүйерлер командасымен бірге жеңіс тойын тойлауы бек мүмкін. Ойын Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

«Тобыл» (Қостанай) – «Тараз» (Тараз)

Бұл маусымды тәуір бастай алмаған командалардың қатарына «Тобыл» да, «Тараз» да жатады. Десе де өткен турдағы «Атыраумен» болған қақтыңыстан кейін оңтүстітктік команданың бірнеше ойыншылары бүгінгі кездесуге қатыспайды. Өз алаңында ойнайтындықтан, жақында ғана Вардан Минасян тізгінін ұстаған алаң иелерін фаворит санауға болады. Ойын Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау)

Бұл кездесулердің фаворитін дөп басу айту қиындау. Алайда аздап болса да батысқазақстандық клубтың басымдығы бар. Тең нәттиже тіркелуі ғажап емес. Ойын Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

«Қайсар» (Қызылорда) – «Шахтер» (Қарағанды)

Бұл турдағы қызықты кездесулердің бірі Қызылордада өтеді. Шабуылды ұнататын клубтар арасындағы ойын тартысты болары анық. Өз алаңында барын салатын «Қайсар» бүгін соңғы бес ойында да қарсыласына мықтылығын танытып келе жатқан «Шахтерға» қарсы қандай ойын жүйесін жүзеге асырар екен? Қонақтардың жеңісті сериясын жалғастыруға мол мүмкіндігі бар. Ойын Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

«Қайрат» (Алматы) – «Ертіс» (Павлодар)

Алматыда өтетін кездесуді де жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отыр. Премьер-лигадағы көрсеткіштері бірдей ұжымдар арасындағы ойында алаң иелері фаворит саналуда. «Қайрат» «Ертіске» қарсы соңғы үш ойында да жеңіске жеткен. Бүгін де сол жеңісті жолын жалғастырып қалуы мүмкін. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

«Астана» (Астана) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Бұл турдың басты кездесуі «Астана-Арена» стадионында өтеді. Нақты фаворитті дөп басып айту қиын. Тартысты кездесуді «KazSport» арнасынан сағат 15:00-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты