«Қайраттың» Бакуде жолы болмады

О Сансызбай Корреспондент
«Қайраттың» Бакуде жолы болмады

Алматылық «Қайрат» футзал клубының Бакуде өткен УЕФА кубогында жолы болмады. Жергілікті «Араз» командасымен үшінші орынды сарапқа салған жерлестеріміз жеңіліс тапты. Ал қосымша уақытта мәскеулік «Динамоны» жеңген «Барселона» чемпион атанды.

БӨЛІСУ

Қазақстандық клуб алғашқы таймнан кейін екі доп басымдығымен жеңіске жетіп шыққан-ды. Алайда екінші тайм 6:2 есебімен жергілікті команда пайдасына шешілді. Осылайша өткен жылы Тбилисиде УЕФА кубогын иеленген «Қайрат» бұл маусымдағы «төрттіктің финалында» жүлдеден қағылды.

Естеріңізге сала кетсек, жартылай финалда «Қайрат» мәскеулік «Динамодан»1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-express.ua