Бензема «корольдік клубқа» жеңіс сыйлады

Бензема «корольдік клубқа» жеңіс сыйлады

Чемпиондар лигасының жартылай финалында жолы түйіскен мадридтік «Реал» мен мюнхендік «Бавария» арасындағы алғашқы ойын да өте шықты. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды француз Карим Бензема соқты.

Хосеп Гвардиола ойын жүйесі «Реалға» қарсы орындалмады емес, орындалды-ақ. Доп ұстау басымдығын барынша назарда ұстаған қонақтар алғашқы минуттардан-ақ басымдығын танытып, алаң иелерінің мысын басуға ұмтылды. Ертерек нәтиже күткен мюнхендіктер, алаң иелерінің ертерек гол соғуына да себепкер болды. 19 минутта Фавио Коэнтраудың тамаша пасынан кейін Карим Бензема ашық қақпаға допты ойланбастан тоғытты. Нәтижесінде «корольдік клубқа» жеңіс сыйлаған гол соғылды.

Кездесуге қысқаша бейнешолуымызды ұсынамыз

Араға аз ғана уақыт салып Криштиану Роналду өзіне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады

Осыған дейін жарақаты болған португалдық футболшы екінші таймда өз орнын Гарет Бэйлға босатты

"Реал" сапынан Иско сәтті өнер көрсете алмады

Жарақат алған Пепенің орнына Варан шықты. Португалдық футболшылар бүгін жақсы өнер көрсетті

Модрич пен Кроос бір-біріне қарсы жиі ойын ережесін бұзды

Екінші таймда Марио Гетцеде есеп теңестіретін тамаша мүмкіндік болған

Қақпада сенімді өнер көрсеткен Икер Касильяс Эдвин ван дер Сар мен Пепе Рейна рекордын қайталады

Арьен Роббен допты ерекше ұстауымен көзге түсті

Франк Рибери өз ойынын таба алмай жүр

Томас Мюллердің Ховард Уэббтен пенальти сұраған сәті


Қос команда арасындағы қарымта кездесу 29 сәуір күні өтеді


Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Ө. Сансызбай