«Қызыл сойқандар» Мойеспен келісімшартын бұзды

«Қызыл сойқандар» Мойеспен келісімшартын бұзды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасы бас бапкері Дэвид Мойеспен келісімшартын бұзды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Өткен маусымның соңында өз еркімен қызметінен кеткен сэр Алекс Фергюсонның орнына екінші шотландиялық маман келіп жұмысын жалғастырған еді. Алайда Дэвид Мойестың манкуниандық клубпен жұлдызы жана қоймады. Қазіргі таңда 34 турдың қорытындысы бойынша көшбасшы «Ливерпульдан» 23 ұпайға қалып, алғаш рет 19 жылдан кейін Еуропаның байрақты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасына қатысу құқығынан үмітін толықтай үзді. Тіпті Еуропа лигасына қатысу кезегі де бұйырмайтын секілді. Ал маусымды сәтсіз бастаған бас бапкер абыроймен қызметінен кеткен жоқ. Жарқын жеңістерінің өзі – саусақпен санарлық қана екен. Оның бірі – Чемпиондар лигасындағы «Олимпиакоспен» өз алаңындағы қарымта кездесу ғана...

«Манчестер Юнайтед» командасының қожайыны саналатын Глейзерлер отбасы Дэвид Мойесті ақпан айында-ақ қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Алайда қаржылық мәселелерге байланысты келісімшартты бұзуға асықпаған еді. Соңғы рет түзде «Эвертоннан» жеңілгеннен кейін клуб бас бапкермен қоштасуға мәжбүр болды. Ал клуб пен бапкер арасындағы келісімшарт мерзімі 6 жылға жоспарланған болатын. Енді команда басшылығының келісімді ерте бұзуына орай, Дэвид Мойеске 4,5 миллион фунт стерлинг ақы төленетін болады.

«Қызыл сойқандарды» маусым соңына дейін клубтың адал әрі жаттықтырушы жартылай қорғаушысы Райан Гиггз баптайтын болды. Көмекшісі болып Никки Батт тағайындалды. Ал ағылшындық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келер маусымда бұл орынға дортмундтық «Боруссияның» бапкері Юрген Клопп, мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти келуі мүмкін деген ақпараттар тарауда. Сонымен бірге, бұл қатардан нидерландылық маман Луи ван Галь да табылып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: smotrisport.tv

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ