"Арландар" құрамында өзгерістер орын алды

О Сансызбай Корреспондент
"Арландар" құрамында өзгерістер орын алды

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы жартылай финалда "Арландар" мен "Баку оттары" клубы арасындағы алғашқы кездесуге шығатын қазақстандық боксшылар тізімінде өзгерістер орын алды.

БӨЛІСУ

Бастапқыда қосалқы құрамға енгізілген Бағдат Әлімбеков пен Сергей Деревянченко шаршы алаңға шығатын болып шешілді. Алғашқысы 56 келі салмақта Мәди Шолақовты, ал украиналық легионер 75 келі салмақта Ерік Әлжановты алмастырды. 

49 келі: Мардан Берікбаев - Хамза Наметов
56 келі: Бағдат Әлімбеков - Гаирбек Гермаханов
64 келі: Жәнібек Әжібай - Гайбатулла Гаджиалиев
75 келі: Сергей Деревянченко - Солтан Мигитинов
91 келі: Василий Левит - Абдулкадыр Абдуллаев

Естеріңізге сала кетсек, "Astana Arlans" топтық кезеңде өз тобынан екінші орын алып, ширек финалға өткен болатын. Ширек финалда немістің «German Eagles» клубымен жұдырықтасқан жерлестеріміз қос кездесу қорытындысы бойынша жартылай финалға сүрінбей аяқ басқан еді. Ал әзірбайжандық клубпен топтық кезеңде бір өнер көрсетіп, Алматыдағы өткен алғашқы кездесуде 4:1 есебімен жеңсе, түзде дәл сондай есеп айырмасымен «Арландар» есе жіберген-ді. Алғашқы кездесу Астанадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде өтеді. 26 сәуір күнгі сағат 20:00-де басталатын кездесудің билеттері 1000 теңгеден сатылуда. Қарымта кездесу 3 мамырға жоспарланған. Өткен маусымның чемпиондық атағын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com