Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Реал" Король Кубогін иемденді

"Реал" Король Кубогін иемденді

Испания Кубогінің финалында мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" кездескен болатын. 

Бұл маусымдағы бірінші жүлде қос бапкер үшін де маңызды еді. Аргентиналық маман Мартиноға да, италиялық бас бапкер Карло Анчелоттиге де өз командасына серпінді күш беру үшін бұл жеңіс ауадай қажет еді. "Месталья" стадионына жиналған жұртшылық төрткүл дүниені телмірткен "классиконың" тамаша қойылымын және Гарет Бэйлдің орындауындағы ғаламат өнердің куәсі болды. 

Тата Мартино негізгі құрамның бәз баяғы қалпын сақтап, сол бұрынғы ойыншыларды алаңға шығарды. Қорғаныстың орталығын Маскерано мен Бартраға сеніп тапсыру арқылы, Жорди мен Алвестің өткір шабуылға қосылуын іштей мақсат тұтты. Ал Карло Анчелотти алдындағы жеңілісті ескере отырып, ойын тактикасына шамалы өзгеріс енгізді. Қолынан келсе де, іргесін мықтап қалай алмай кеткен Жозенің ежелгі ұстанымына сенім артты. Жылдам қарымта шабуыл - корольдік клубтың басты көзіріне айналды. 

Матч қай жолғыдай қызу басталды. Допқа таласта алаң ортасында нағыз соғыс тұтанды. "Блаугрананың" тапалтақ ойыншылары допқа иелік етуге тырысып, билікті өз қолдарына алуға ұмтылса, "Реал" ойыншылары орталықтағы сауатты қорғану тәсілімен қуантып жатты. Өз кезегінде, осының барлығы Ди Марияның ойындағы алғашқы голды соғуына алып келді. Өткір қарымта шабуылдан "Реалдың" үш бірдей ойыншысы алға суырылып шыққан болатын. Допқа бірінші жеткен Ди Мария Жордидің аяғының астынан Пинто қорғаған қақпаға тура соққы бағыттай алды. Валдесьтің орнын басқан қақпашы еш қауқар таныта алмады. Жер бауырлап барған доп қақпа бұрышынан табылды. Есеп: 1:0.

Екінші тайм шиеленіскен қақтығыспен басталады деп күтілген, алайда, ойыншылар он бес минуттық демалысты ұзарта түскілері келгендей. "Барса" өзінің дәстүрлі ойын мәнеріне көшіп, допқа иелік етумен  жүрді. Бірақ, мадридтік команданың тас қамал қорғанысын бұза алмады.

Ойын орта тұсынан асқанда "Барсаның" пайдасына бұрыштама добы берілген болатын, гол да осы тұстан келді. Айып алаңындағы қорғаушылар Бартрадан көз жазып қалған сәтте, қорғаушы Икер тұрған қақпа бұрышына соққы бағыттап үлгерді. Есеп теңесті: 1:1.

Одан кейін ойын күрделене түсті. "Реал" қорғаныс пен қарымта шабуылға иек артты. "Барселона" айып алаңының сыртында допқа қанша иелік еткенімен, гол соғатын сәтті ұйымдастыра алмады. Осындай тұстардың бірінде... Гарет Бэйл Бартрадан допты ары асырып, алаң сыртынан бар жылдамдығын қосып, қарсы қақпаға желдей ұшты. Каталондық қорғаушы валиялық ойыншының жолына кедергі бола алмады. Пинто тұрған қақпаның жақын бұрышына доп соғып, командасын алға шығарды. Есеп - 2:1.

Қалған минуттарда "блауграна" тайлы таяғы қалмай қарсы қақпаға лап қойды. Қаптал бөліктен Неймар мен Педроның іс-қимылдары ширақ көрінгенімен, нәтижесіз аяқталып жатты. Тек ойынның соңғы минуты Касильяс қорғаған қақпаны өртке айналдырған болатын. Хави берген тамаша пас Неймарды Икермен бетпе-бет шығарған еді, бірақ бразилиялық ойыншы қақпашыдан допты ары асырғанымен, онысы қақпа бағанасынан кері серпілді. Касильястың тура қолына келген соққы "блаугрананың" есеп теңестіретін тамаша мүмкіндігін жоққa шығарды.

Ди Мария өткен жолғыдай кештің басты бетінде тұра алмады. Бірақ, Гарет Бэйл өзінің осы маусымдағы ғаламат ойынын өткерді. Есеп теңесіп, қарсылас артықшылыққа ие болды деген тұста валиялық ойыншы өз командасын алға шығара алды. Жалпы, валиялық ойыншы күн өткен сайын өзінің сәтті трансфер екенін дәлелдей алуда. Көпшілік көп үмітпен қараған ойыншы, бүгінгі таңда сол көпшілік қалауын бұлжытпай орындауда. 

Бір айта кетерлігі, бұл жолы ешқандай он бір метрлік айып добы берілмеді. Бас қазы Матеу Лаос кездесудің кейбір сәттеріне көз жұма қарау арқылы көрегенділік танытты. Дауға қалатын шешімдерді қабылдаудың орнына, төреші ойыншылардың орнынан тұрып, ойынды жалғастыруды сұрады...

Месси мүлдем көзге түспеді. Аргентиналық шабуылшы соңғы ойындарда өзін бар қырынан көрсете алмай жүр. Біреулер әлемнің ең үздік ойыншысы Бразилияға баратын күн жақындаған сайын, сол жаққа алаңдаулы десе, ал екінші біреулер Мессидің футболдан ойы бөлінгенін айтады. Не десек те, таңдаулы шабуылшы бұл ойында да өз-өзіне ұқсамады. 

Голдар

0:1 – Анхель ди Мария 11'

1:1 – Марк Бартра 68'

1:2 – Гарет Бэйл 85'

«Реал»: Икер Касильяс, Даниэль Карвахаль, Серхио Рамос, Пепе, Фабиу Коэнтрау, Хаби Алонсо, Иско, Лука Модрич, Анхель Ди Мария, Гарет Бэйл, Карим Бензема.

«Барселона»: Хосе Пинто, Даниэль Алвес, Хорди Альба, Хавьер Маскерано, Марк Бартра,  Серхио Бускетс, Хави, Андрес Иньеста, Лионель Месси, Сеск Фабрегас, Неймар.

Стадион: "Месталья" (Валенсия)

Бас қазы: Матеу Лаос (Валенсия)

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: vk.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 сәуір 2014, 04:46
Пікірлер
+0
17 сәуір 2014, 10:50

:evil:

+0
17 сәуір 2014, 14:08

роналдуды жоктатпады. жарайсындар! Мессиге не болган деймин да :x

+0
17 сәуір 2014, 17:29

Керемет жеңіс Реал фанаттары құтты болсын алғашқы кубок өте қуаныштымын
:D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.