Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Барселонадан" 7 футболшы кетпек

"Барселонадан" 7 футболшы кетпек

Маусым аяқталысымен "Барселона" сапынан 7 футболшы кетуі мүмкін...

Mundo Deportivo хабарлауынша, қорғаушы Даниэл Алвес, хавбек Франсеск Фабрегас, Алексис Санчес, Александр Сонг, Кристиан Тельо, Хонатан Дос Сантос, және де Исаак Куэнка маусым соңында "Барселонамен" қош айтыспақ ниетте. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта "Барселона" тізгініндегі команданың бас бапкері Херардо Мартиноның да мәселесі шешілген сыңайлы. Осы маусым аяқталысымен аргентиналық маман клуб сапынан кететінін жеткізіпті.

Соңғы ақпараттарға сенсек, Мартино мұндай шешімге өзі келген көрінеді, ал клуб басшылығы қарсы тұрмайтындықтарын жеткізген. Бұл тұста бір айта кетерлігі, аргентиналық маман көп уақыттан бері испандық ұжым сапында өзіне жайсыз тиіп жүргенін айтып келген болатын. Өз кезегінде, клуб басшылығы Мартиноның клубтың алға қойған тапсырмаларын орындауға дәрменсіз екендігін алға тартқан.  

Каталондық клуб ендігі таңда дортмундтық "Боруссияның" бас жаттықтырушысы Юрген Клоппен сөз байласуда екен. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: mundodeportivo.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 сәуір 2014, 18:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.