Осы аптаның командасы

Осы аптаның командасы

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар Лигасының ширек финалдық жолығысуларынан кейін аптаның символикалық құрамасын шығарды.

Сол тұста бұл тізімге дортмундық "Боруссияның" үш ойыншысы еніп отыр екен. Олар - Марко Ройс, Матс Хуммельс және Оливер Кирх.

Қақпашы: Икер Касильяс («Реал»).

Қорғаушылар: Филипп Лам («Бавария»), Гари Кэйхилл («Челси»), Матс Хуммельс («Боруссия»), Филипе Луис («Атлетико»).

Жартылай қорғаушылар: Оливер Кирх («Боруссия»), Коке («Атлетико»), Андре Шюррле («Челси»).

Шабуылшылар: Арьен Роббен («Бавария»), Марко Ройс («Боруссия»), Давид Вилья («Атлетико»).

Жеребе тарту рәсімі бойынша, Чемпиондар лигасының жартылай финалында мына командалар кездесетін болды.

"Реал" (Испания) - "Бавария" (Германия)

"Атлетико" (Испания) - "Челси" (Англия) 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: uefa.com

Л. Лига