Видео: "Барселонаның" жабырқаулы футболшылары

Видео: "Барселонаның" жабырқаулы футболшылары

Каталондық «Барселона» Чемпиондар Лигасының ширек финалдық ойынында мадридтік "Атлетикоға" 0:1 есебімен есе жіберіп, турнирден шеттетіліп қалған болатын. 

Бейнематериалды қарап отырып, каталондық футболшылардың қаншалықты көңіл-күйсіз екенін аңғаруға болады.

"Барселона" мен Нидерланды құрамасының әйгілі футболшысы Йохан Кройф каталондық клубтың команда жаттықтырушысы Херардо Мартиноның ісіне көп араласатынын тілге тиек етеді:

"Мартино қолынан келгенше тырысуда, алайда, "Барселонада" басты орында емес. Команданы басқаруға тиісті болып, сол уақытта оны толыққанды жасауға мұрсат алмау қиын нәрсе. Оның жұмысына клуб басшылығы қол сұғуда, өз кезегінде, бұл әртүрлі проблемаларға алып келеді.

Барлығы осыдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын, Гвардиола Чигринскийді сатуға қарсы пікір айтып, алайда футболшы сол күйі трансферге қойылған еді. Пептің клуб басшылығымен араздығы солай басталған-ды", - дейді Кройф.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: mundodeportivo.com

Л. Лига