Премьер-лига. «Астана» көш бастады

Премьер-лига. «Астана» көш бастады

Футболдан ел премьер-лигасының ІV тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға кездесулер нәтижелерін ұсынамыз!

Спартак (Семей) 0 1 «Шахтер» (Қарағанды)


Бұл ойында алаң иелері жеңілгенімен, ірі есеп тіркелмейтінін кездесулер алдындағы шолуымызда айта кеткен едік. Солай болды да. Қарағандылық командаға жеңіс сыйлаған голды 28 минутта Никола Василевич соқты. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен қорғаушы есеп ашты. Алғашқы тайм аяқталар тұста «кеншілер» легионері Яго Фернандес қызбалыққа салынып, дөрекі ойын ережесін бұзды. Нәтижесінде қос команда арасында қақтығыс орын алып, португалдық футболшы мен алаң иелері футболшысы Бауыржан Тұрысбек алаңнан қуылды. Екінші таймды 10 футболшымен өткізген командалар есепке өзгеріс ендіре қоймады.

«Атырау» (Атырау) 0 – 0 «Ақтөбе» (Ақтөбе)


Батысқазақстандық дербилердің кездесуі қызықты өтті. Атырауда өткен маусымдағы ел чемпиондары екінші нөмірмен өнер көрсетуге мәжбүр болды. Алғашқы таймда алаң иелері бірнеше мүмкіндіктерін жіберіп алды. Өз кезегінде «Ақтөбе» де есепте алға шығуға берілген сәттерді пайдалана алмады. 64 минутта Валерий Коровкин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осылайша бір-бірінің қақпа кілтін таба алмаған клубтар бір-бір ұпай иеленіп тарқасты.

 «Жетісу» (Талдықорған) 0 0 «Ертіс» (Павлодар)


Талдықорғандық команда өз алаңында алғашқы кездесуін өткізді. Ойында керекулік команда аздап фаворит саналғанымен, «Жетісуді» жеңе алмады. Омари Тетрадзе командасы ІV тур қорытындысы бойынша 8 ұпай жинап, 3-ші орынға тұрақтап отыр.

«Ордабасы» (Шымкент) 3 – 0 «Тобыл» (Қостанай)


Шымкенттік команда өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті. Екі тур қатарынан жеңілген клуб, екінші тур қатарынан да жеңді. Өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдаған клуб қарсыластар қақпасына үш бірдей допты тоғытты. 32 минутта бұрыштамадан асырылған допты қонақтардан бұрын Абдуллай Диакате иеленіп, қарсылас қақпасына дәл көздеді. 69 минутта Эдин Юнузович жеке басы шеберлігімен танылып, есепті еселей түсті. 82 минутта шабуылшы дубль авторы атанды. Осылайша 3 ұпайды еншілеген алаң иелері 6-шы орынға көтерілді.

«Астана» (Астана) 10 «Тараз» (Тараз)


Елордалық клуб өз алаңында «Таразды» тізе бүктіріп, турнир кестесінің бірінші сатысына шықты. Екі турда 1:0 есебін тіркеген «Астана» бұл жолы да сол нәтижені тіркеді. 65 минутта алаңға жаңадан кірген Бауыржан Жолшиев есеп ашты. Сол есеп кездесу аяқталғанша сақталды. Алаң иелерінің екінші голын соғуға мүмкіндігі болғанымен, пайдалана алмады. «Астана» енді келесі турда Алматыда «Қайратпен» кездеседі.

«Қайсар» (Қызылорда) 0 1 «Қайрат» (Алматы)


Біз ұсынған болжамдар тізбегінде осы кездесу ғана дұрыс келмеді. «Қайсардың» қарымын қарап, өз алаңында жеңілмейді деп ойлағанбыз. Десе де клуб ойын соңына дейін «Қайратпен» тең ойнады. Тек санаулы минуттар қалғанда ғана алматылық команданың жолы болып, алғашқы ұпайына қол жеткізуіне мүмкіндік алып кетті. Гол авторы – Аслан Дарабаев.  

Командалар Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1  Астана 4 3 1 0 3-0 10
2  Ақтөбе 4 2 2 0 6-1 8
3  Жетісу 4 2 2 0 3-0 8
4  Атырау 4 2 2 0 2-0 8
5  Шахтер 4 2 1 1 7-3 7
6  Ордабасы 4 2 0 2 4-2 6
7  Ертіс 4 1 2 1 1-1 5
8  Қайсар 4 1 1 2 1-2 4
9  Тобыл 4 1 1 2 2-6 4
10  Қайрат 4 1 0 3 1-3 3
11  Спартак 4 0 1 3 1-6 1
12  Тараз 4 0 1 3 1-8

1

Автор: Фараби Арыстанбек

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай