«Қайрат» жанкүйерлерімен бірге Наурыз мейрамын тойлады

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» жанкүйерлерімен бірге Наурыз мейрамын тойлады

Футболдан алматылық «Қайрат» командасы жанкүйерлері мен ардагер футболшыларын Наурыз мейрамымен құттықтап, дастарқан жайды. Клубтың жаттығу базасында өткен іс-шараға команданың негізгі құрам ойыншылары да келіп қатысты.

БӨЛІСУ

Жаттығу базасы алаңына алтыбақан, күрес кілемдері мен асық ойнайтын алаңқай орнатылған. Ал клубтың тәртіптік кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев клуб жанкүйерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар, жас футболшыларды таныстырып, оларға ардагер футболшыларға сыйлық тапсырту рәсімін өткізді. Команданың бас бапкері Владимир Вайсс пен «Қайрат» академиясының басшысы Патрик ван Луивенге шапан жапты.

Ал мейрам құрметіне жайылған дастарқанның соңы футбол турниріне ұласты. «Қайрат» командасының әкімшілігі құрамы мен жанкүйерлері, БАҚ, және клуб демеушісі «ҚазРосГаз» командалары бақ сынаған жарыста әкімшілік ұжымның мерейі үстем болды.

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: Өмірбек Сансызбай