Хопкинс: "Шындығында «аңыз боксшы» екенімді дәлелдеймін!"

Хопкинс: "Шындығында «аңыз боксшы» екенімді  дәлелдеймін!"

Жартылай ауыр салмақтағы IBF (Халықаралық Бокс Федерациясы) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинс алдағы уақытта WBA суперчемпионы Бейбіт Шүменовке қарсы өткізетін кездесуінде қазақстандық боксшыға өзін "аты аңызға айналған боксшы" екенін дәлелдейтінін жар салды.

«Шүменовке жартылай ауыр салмақ дивизионында абсолютті чемпион атанғысы келетін боксшы ретінде қараймын. Бірақ оның бойында бар жеңіске деген құштарлық менде де жоқ емес. Егер кездесу менің пайдама шешіліп жатса, онда мен тарихтағы екі бірдей салмақта абсолютті чемпион атанған екінші боксшы деп таныламын. Шүменов аңыз адаммен кездесетінін және жеңіске жету үшін қолынан келгеннің бәрін жасап бағатынын айтып қалды. Ал мен сол күні өзімнің шындығында «аңыз боксшы» екендігімді  дәлелдеймін»,-деп жазады Хопкинс сөзіне сілтеме жасаған Sportbox.

30 жасар Бейбіт Шүменов пен 49 жастағы Бернард Хопкинс арасындағы кездесу 19 сәуір күні АҚШ астанасы Вашингтонда өтеді деп жоспарланып отыр. Жекпе-жек жеңімпазы болып танылған боксшы екі бірдей чемпиондық белбеуді (WBA және IBF) қанжығасына байлап, осы салмақтағы абсолютті чемпион атанады.   

Айта кетейік, Хопкинс кәсіпқой рингте 64 кездесу өткізсе (оның 32-сін нокаутпен ұтты), Шүменов бар болғаны 15 жекпе-жекке қатысқан (9 нокаут). Америкалық боксшы кәсіпқой мансабын сонау 1988 жылы, Шүменов бес жаста болған кезде бастаған екен.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Аllboxing.ru

Б. Қосмағамбет