Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин - Чавес кездесуінің тағдыры жақын арада шешіледі (промо-ролик)

Головкин - Чавес кездесуінің тағдыры жақын арада шешіледі (промо-ролик)

Головкин - Чавес кездесуінің тағдыры жақын арада шешіледі (промо-ролик)

Америкалық атақты промоутер, бокс тарихында ұмытылмас талай кездесулердің өтуіне мұрындық болған Top Rank промоутерлік компаниясының қожайыны Боб Арум орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкин мен мексикалық атышулы былғары қолғап шебері кіші Хулио Сесар Чавес арасында өтіп жатқан келіссөздердің жүзеге асу барысын хабарлады. Айта кетейік, Чавестің кіммен кездесетінін дәл осы Арум шешеді.

«Қазір біз Головкиннің командасымен алдағы кездесуге байланысты келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жектің өтуіне аса мүдделі. Бастысы - қазірдің өзінде кездесуге байланысты көп деталь келісіліп қойды. Менің ойымша, жақын аралықта екіжақ ортақ келісімге келіп, келісімшартқа қолдарын қоймақ. Әзірге тек бокс кешінің шілде айында Лос-Анджелесте өтетіні белгілі болып отыр»,-дейді Арум Allboxing.ru сайтына берген сұқбатында.

Кейбір ақпарат көздері Головкин – Чавес кездесуі 12 шілде күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) «Форум» атты жабық кешенде өтеді деп хабарлап үлгерді. Одан бөлек, қос боксшы арасындағы кездесу HBO арнасының PPV («Pay Per View» («төле де, көр» ауд.) форматында көрсетіледі деп күтіліп отыр.

Ал осыған дейін Геннадий Головкин мексикалық боксшымен жұдырық түйістіру үшін суперорта салмаққа көтеріледі (яғни қазіргі салмағына төрт келідей қосуы керек) деп хабарланған болатын. Демек, қазақстандық әлем чемпионының белбеулері бұл кеште сарапқа салынбайды.

Естеріңізге салар болсақ, Геннадий Головкин соңғы кездесуін биылғы жылдың ақпан айында Монакода өткізіп, оның қорытындысы бойынша ганалық Осумана Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал одан кейінгі кездесуін қазақстандық 26 сәуірге жоспарлаған еді. Алайда ол кездесу Головкиннің отбасында болған қайғылы жағдайға байланысты өтпей қалды.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz

Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 21:46
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 22:08

кіші Хулио Сесар Чавес озине тым сенимди , тыныш жаткан буркиттин, ..... ..... уркиттин-ау ))) Генаа женеди Алла каласа))

+0
29 наурыз 2014, 21:56

Осымен нешінші мақала кетті уже шешіледі шешіледі ДЕП?! бірнәрсені мыжғылап

+0
29 наурыз 2014, 22:13

Иә,жыр болдығой

+0
30 наурыз 2014, 01:36

Ғалымжан Сарым, Шерхан Абзалұлы! Екі алыпты кездестіру оңай дейсіздер ме? Қаншама қаржы жұмсалып, қаншама құжаттарға қол қойылады. Өдегенше, батырымыздың лайықты боксшыға қарсы шығуына тілеулес болмайсыздар ма

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.