«Баварияның» жаңа маусымдағы жейдесі

«Баварияның» жаңа маусымдағы жейдесі

Мюнхендік «Бавария» 2014/2015 маусымда өнер көрсететін жаңа жейделерінің (форма) нұсқасын жасап шықты. Алғашқылардың бірі болып белгілі болған Хосеп Гвардиола командасының жаңа жейделер жиынтығы көп жанкүйеріне ұнамай жатқан да көрінеді. Өйткені, клубтың өз алаңында киіп шығатын жейделері 1990 жылдардың орта шеніндегі жейделеріне өте ұқсас та екен. Ал кейбіреулер каталондық клубтың жейделеріне де ұқсайды деп жақтырмағанға ұқсайды. Ал клуб жақын күндері ресми таныстырылым шарасын өткізбекші.

Естеріңізге сала кетсек, «Бавария» осыған дейін бундеслига чемпионы атағын мерзімінен бұрын иеленген болатын. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасының ¼ финалында «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі.

1990 жылдардың ортасындағы жейдесі

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай