«Корольдік клуб» ұпай жоғалтты

О Сансызбай Корреспондент
«Корольдік клуб» ұпай жоғалтты

Футболдан Испания Ла-Лигасының ХХХ тур ойындары өтті. Мадридтік «Реал» сырт алаңда ұпай жоғалтса, «Атлетико» маңызды үш ұпайды еншілеп көш бастады.

БӨЛІСУ


Диего Симоене командасын жеке-дара көш бастады деп айту қиын. Өйткені бұл мадридтік команда мен «Барселона» арасын бір ғана ұпай бөліп келеді.

«Атлетико» ХХХ турдағы қарсыласы «Гранаданы» небәрі 1 доп айырмасымен ғана жеңді. Жеңіс голын кездесулерде ең көп ойын ережесін бұзатын және Ла-Лиганың үздік сұрмергендерінің бірі Диего Коста соқты. 63 минутта шабуылшы командаласы Сосаның бұрыштамадан берген пасын нәтижеге айналдыра білді.

Каталондық «Барселона» үшін бүгінгі кездесу жеңіспен аяқталғанмен, сәтті өте қойған жоқ. Негізгі қақпашысы Виктор Вальдес жарақат алды. Жақын маңдағы ауруханаға жөнелтілген қақпашы командасына алдағы жауапты кездесулерде көмектесе алмайтын болды. Командасы түгілі, Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына да қатыса алмайды. Вальдестің тізесінен алған жарақаты кемінде 6 ай емделуді қажет ететін көрінеді. Сонымен қатар, бұл Испания ұлттық құрамасы қақпашысының "блауграна" сапындағы соңғы кездесуі болуы бек мүмкін. Себебі, қақпашы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі осы жазда аяқталады. 


Херардо Мартино командасы есепте жылдам алға шықты. 6 минутта «Сельта» қақпасын дәл көздеген Неймар екінші таймда дубль авторы атанды. Сонымен қатар, бір голды команданың көшбасшысы Месси соқты. Осылайша «Камп Ноудағы» 1000-шы кездесуінде 3:0 есебі тіркелді.

Нағыз тартысты кездесу Севильядағы  «Эстадио Рамон Санчес Писхуан» стадионында орын алды. «Корольдік клубты» қабылдаған "Севилья" 2:1 есебімен жеңіске жетті. 14 минутта айып добынан Роналду есеп ашқанымен, араға 5 минут сала алаң иелері есепті теңестіріп кетті. Бүгін Карло Анчелотти шәкірттерінің ойыны мүлде жүрмеді десек болады. Карвахаль мен Илляраменди, Бэйл мен Алонсоның қателіктері алаңнан әр тұсынан байқалып тұрды. Атой салып шабуылдағанымен, нәтиже шығара алмай састы. Бір-бірін паспен қамтимын деп (шешуші сәтте Марсело да тамаша екі мүмкіндік болған), ақыры қолда тұрған бір ұпайынан айырылып қайтты. Алаң иелерінің капитаны Иван Ракитич кездесудің үздік ойыншысы атанды. 72 минутта Пепені тамаша алдап өткен хорват футболшысы Баккаға нәтижелі пас асыра білді. Ал шабуылшы өз білгенінен жаңылмай кездесуде дубль авторы атанды. Осылайша «Реал» 70 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Естеріңізге сала кетсек, өткен турда «Барселонаға» жеңілген болатын.

    Командалар  Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс   Голдар   +-  Ұпай 
1.
 
Атлетико М
30 23 4 3
67:21
+46
73
2.
Барселона
30 23 3 4
88:25
+63
72
3.
Реал
30 22 4 4
81:32
+49
70
4.
 
Атлетик Б
30 16 8 6
52:32
+20
56
5.
 
Севилья
30 14 8 8
55:45
+10
50
6.
 
Реал Сосьедад
29 13 7 9
52:43
+9
46
7.
 
Вильярреал
29 13 6 10
49:36
+13
45
8.
 
Валенсия
29 11 6 12
41:40
+1
39
9.
 
Эспаньол
30 10 8 12
34:36
-2
38
10.
 
Леванте
29 9 10 10
26:35
-9
37
11.
 
Гранада
30 10 4 16
28:40
-12
34
12.
Малага
30 8 9 13
30:38
-8
33
13.
Сельта
30 9 6 15
33:44
-11
33
14.
Райо Вальекано
30 10 3 17
34:63
-29
33
15.
Эльче
30 7 10 13
24:41
-17
31
16.
 
Альмерия
29 8 5 16
31:55
-24
29
17.
 
Осасуна
30 8 5 17
25:51
-26
29
18.
 
Хетафе
29 7 7 15
26:46
-20
28
19.
 
Вальядолид
29 5 12 12
31:49
-18
27
20.
 
Бетис
29 4 7 18
23:58
-35
19

Ағылшын премьер-лигасы да қызып тұр. Чемпиондық атаққа басты үміткер команданың бірі – «Ливерпуль» бүгін маңызды үш ұпайын еншіледі. Өз алаңында «Сандерлендті» қабылдаған команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Брендан Роджерс шәкірттері қатарынан Стивен Джерард пен Даниэль Сттаридж белсенсе, қарсыластардан Ки Сон-Ен бір доппен жауап қатты. Осылайша мерсисайдтық клуб көш басындағы «Челсиден» бір ұпайға қалып келеді. Ал үшінші орындағы «Манчестер Ситидің» бұлардан екі ойыны кем.  

Италия біріншілігінде туриндік «Ювентус» жеке-дара көш бастап келеді. ХХХ турдан кейін еншілерінде 81 ұпай бар. Бүгін өз алаңында «Парманы» жеңді. Екінші орындағы римдік «Рома» 14 ұпайға қалып келеді. Антонио Конте командасы «мәңгілік қаланың» ұжымдарын өздеріне жеткізе қоймасы анық.

Бүгін «Милан» көп күттірген жеңіске жетті десек болады. Өткен турда «Наполиді» тізе бүктірген «Фиорентина» өз алаңында Кларенс Зеедорф комадасынан жеңілді. Кездесуде Мексес пен Балотелли бір-бір голдан соқты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, armfootball.com