«Бавария» - Германия чемпионы!

«Бавария» - Германия чемпионы!

Мюнхендік «Бавария» өткен маусымда футбол әлеміндегі барлық атаққа қол жеткізген еді. Бұл жылы да сол рекордты межесінен бұрын қайталауға асығатындай. Бундеслиганың 27-ші тур ойындарынан кейін Хосеп Гвардиола шәкірттері Германия чемпионы атанды. Ал өткен маусымда клуб бас бапкер Юпп Хайнкес басшылығымен 29-шы турдан кейін чемпиондық атаққа мерзімінен бұрын қол жеткізген болатын.


Берлиндегі «Олимпиштадионда» жергілікті «Гертамен» кездесу өткізген мюнхендік клуб 1:3 есебімен жеңіске жетті. 6 минутта Тони Кроос есеп ашса, 14 минутта Марио Гетце есепті еселей түсті. 66 минутта алаң иелері қатарынан Рамос пенальтиді сәтті орындап, есепті қысқартқан еді. Дегенмен Франк Рибери алаң иелерінің қуанышын көпке созбай, командасын айқын жеңіске жетеледі. Үздік ойыншы болып Марио Гетце танылды. Осылайша 27 турдан 77 ұпай жинаған «Бавария» қарсыластарынан қара үзіп, 24-ші чемпиондық атағын жеңіп алды.

    Командалар Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс   Голдар 

+ -

 Ұпай 
1.
 
Бавария
27 25 2 0
79:13
+66
77
2.
 
Боруссия Д
27 16 4 7
59:29
+30
52
3.
 
Шальке-04
27 15 6 6
51:37
+14
51
4.
 
Байер
26 14 2 10
43:32
+11
44
5.
Вольфсбург
27 13 5 9
46:41
+5
44
6.
 
Боруссия М
26 12 6 8
46:32
+14
42
7.
 
Майнц
27 12 5 10
38:43
-5
41
8.
 
Аугсбург
26 11 6 9
39:37
+2
39
9.
 
Герта
27 10 6 11
36:37
-1
36
10.
 
Хоффенхайм
26 8 8 10
57:58
-1
32
11.
 
Ганновер-96
26 8 5 13
34:46
-12
29
12.
 
Айнтрахт Ф
26 7 8 11
33:46
-13
29
13.
 
Вердер
27 7 8 12
31:53
-22
29
14.
 
Фрайбург
26 6 7 13
29:47
-18
25
15.
 
Штутгарт
26 6 6 14
40:52
-12
24
16.
 
Гамбург
26 6 5 15
41:55
-14
23
17.
 
Нюрнберг
26 4 11 11
30:49
-19
23
18.
 
Айнтрахт Бр
27 5 6 16
24:49
-25
21

Еуропадағы чемпиондыққа тартыс Испания мен Англия чемпионаттарында қыза түсті. Бүгін ағылшын премьер-лигасының кезекті тур ойындары өтті. Манчестерлік дербиде «қызыл сойқандар» ежелгі қарсыластарынан ойсырай ұтылды.

Ойынның басталғанына 2 минут өтпей-ақ «Манчестер Сити» есепте алға шықты. Бірінші голды соққан Эдин Джеко 56 минутта дубль авторы атанды. Қарсыластарына қауқар таныта алмаған «Олд Траффорд» қожайындары 90 минутта өз қақпаларына үшінші допты өткізіп алды. Бұл жолы өткен кездесуде хет-трик жасаған Яя Туре белсенді. Осылайша ұпайы түгел Мануэль Пеллегрини командасы чемпиондық атақ жолындағы таласын жалғастыратынын дәлелдеп берді. Олардың әзірге көш бастап келе жатқан "Челсиден" 2 ойындары кем.

Ал лондондық «Арсеналға» чемпиондық атақтың ауылы алыстай түсті. Өз алаңында «Суонсиді» қабылдаған «канонирлер» 2:2 есебімен тең ойнап, ұпай жоғалтты. Қазіргі таңда клуб басшылығы Арсен Венгермен келісімшартын ұзартпай, жаңа бапкер қарастырып жатқан көрінеді.

Сырт алаңда «Ньюкаслды» жеңген «Эвертон» алғашқы төрттікке енуге емеурін танытуда. Олай дейтініміз олардың «Арсеналдан» бір ойыны кем. Премьер-лиганың өзге ойындары бүгін жалғасын табады. Сонымен қатар бүгін түнде Испания Ла-Лигасының да 30 тур ойындары өтеді. Каталондық «Барселона» «Камп Ноудағы» 1000-шы кездесуін «Сельтаға» қарсы өткізеді. «Атлетико» өз алаңында «Гранаданы» қабылдаса, «Реал» «Севильяда» қонақта болады. 

    Командалар  Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс   Голдар   + -  Ұпай 
1.
 
Челси
31 21 6 4
62:23
+39
69
2.
 
Манчестер Сити
29 21 3 5
79:27
+52
66
3.
 
Ливерпуль
30 20 5 5
82:38
+44
65
4.
 
Арсенал
31 19 6 6
55:36
+19
63
5.
 
Эвертон
30 16 9 5
46:30
+16
57
6.
 
Тоттенхэм
31 17 5 9
40:40
0
56
7.
 
Манчестер Юн
31 15 6 10
48:37
+11
51
8.
 
Ньюкасл
31 14 4 13
38:43
-5
46
9.
 
Саутгемптон
31 12 9 10
45:40
+5
45
10.
 
Сток Сити
31 9 10 12
36:45
-9
37
11.
 
Астон Вилла
30 9 7 14
33:42
-9
34
12.
 
Халл Сити
30 9 6 15
32:37
-5
33
13.
 
Норвич Сити
31 8 8 15
26:48
-22
32
14.
 
Вест Хэм
30 8 7 15
32:40
-8
31
15.
 
Суонси Сити
31 7 9 15
42:48
-6
30
16.
 
Вест Бромвич
30 5 13 12
33:45
-12
28
17.
 
Кристал Пэлас
30 8 4 18
19:39
-20
28
18.
 
Сандерленд
28 6 7 15
26:44
-18
25
19.
 
Кардифф
31 6 7 18
26:58
-32
25
20.
 
Фулхэм
31 7 3 21
30:70
-40
24

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, footballtop.ru

Ө. Сансызбай