Бейбіт Ыстыбаев шаңырақ көтерді

О Сансызбай Корреспондент
Бейбіт Ыстыбаев шаңырақ көтерді

Қазақша күрестен 2012 жылғы "Қазақстан Барысының" жеңімпазы, 2013 жылғы "Еуразия Барысында" қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен палуан Бейбіт Ыстыбаев ақ құсын қолына қондырды.

БӨЛІСУ

29 маусым күні өтетін "Қазақстан Барысында" бақ сынайтын Бейбіттің жарының есімі - Әйгерім. Медициналық білімі бар Әйгерім бүгінде С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «Стоматология» бөлімінің магистранты екен. Кеше Тараз қаласында дүркіретіп тойын өткізген жастарға massaget.kz сайты мен оқырмандары атынан  бақыт тілейміз. Көтерген шаңырақтары биік болсын! 


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com