«Барселона» Мадридте жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
«Барселона» Мадридте жеңіске жетті

Каталондық «Барселона» «корольдік клубты» Мадридте тізе бүктіріп, чемпиондық тартыс көрігін қыздыра түсті. Маусымның ең шиеленіске толы өткен ойынында 3:4 есебі тіркелді. Бұл дегенің футболшылар өздеріне берілген мүмкіндіктерді мүлт жібермеді деп айтуға келеді. Сонымен ойын барысына талдау жасап көрейік.

БӨЛІСУ


Кездесу басталмай тұрып «корольдік клуб» жеңілмейді деген пікірлер айтылған-ды. Мұны Карло Анчелотти шәкірттері алғашқы таймда дәлелдеп шықты десек болады. 7 минутта Лионель Мессидің тамаша пасын Андреас Иньеста бірден қақпаға бағыттады. Ал бұл сәтте Диего Лопестің допты қайтаруға толықтай мүмкіндігі болмады. 20 минутта Карим Бензема Ди Марияның әуелете асырған пасына бірінші жетіп, допты қақпада тулатты. Ал араға 4 минут сала әріптесінен екінші пас алған француз дубль авторы атанды. Осылайша "Эль-Класикода" екі гол соққан екінші француз болды (2008/2009 жылғы Эль-Класикода Тьери Анри дубль авторы болған). Алма-кезек шабуылмен өрбіген ойынның 42 минутында Лионель Месси алаң иелері қорғаушыларын асқан шеберлікпен алдап, таразы басын теңестіріп кетті. Гол соғылған сәттегі Марсело мен Фабрегас қақтығысы да төреші тарапынан тыс қалмады. Алғашқы таймда осы есеп сақталып қалды.

Екінші тайм басы бірсыдырғы басталған-ды. 55 минутта Дани Алвес Роналдуға қарсы ойын ережесін бұзды. Бұзғаны рас-ақ. Бірақ, айып алаңы ішінде ме, әлде жетпей ме? Әйтеуір күмәнділеу болды. Және португалдық футболшы 11 метрлік нүктеден мүлт кетпеді. Десе де Вальдес доп бағытын болжап-ақ еді. 65 минутта Неймарға қарсы Серхио Рамос тәртіп бұзып, алаңнан қуылды.


Осы сәттен бастап ойын деңгейі күрт өзгере түсті. Пенальтиді сәтті орындаған Месси тағы бір таразы басын теңестірді. 84 минутта бас қазы Ундиано Мальекано кезекті пенальтиді белгілеп, ойын тағдырын түбегейлі шешті. Бұл сәтте Хави Алонсо Андреас Иньестаға қарсы тәртіп бұзған болатын. Бұл 11 метрлік айып добын да Месси орындап Эль-Класикодағы үздік сұрмерген атанды. Екі команда арасындағы тартыста 21-ші голын соққан аргентиналық шабуылшы «Реал» аңызы Альфредо Ди Стефаноны басып озды.


Сонымен Испания Ла-Лигасының тартысы тағы да қыза түсті. Алда 9 тур кездесулері бар. Енді мадридтік қос ұжым мен каталондық клуб ұпайдан шашау шығармау үшін барын салып өнер көрсететіндері анық. Тағы бір айта кететіні, үш алпауыт та Чемпиондар Лигасының ширек финалына дейін жетті. Дегенмен 1/4 финалда «Барселона» мен «Атлетико» бір-бірімен қарсылас атанған еді. Ал «Реал» дортмундтық «Боруссиясымен» кездеседі. Ал әлемді екі жарған бүгінгі кездесу талай күннің тақырыбына айналатын болды десек қателеспейміз...

Ла-лига кестесі

    Командалар  Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс   Голдар   +  Ұпай 
1.
 
Реал
29 22 4 3
80:30
+50
70
2.
 
Атлетико М
29 22 4 3
66:21
+45
70
3.
 
Барселона
29 22 3 4
85:25
+60
69
4.
 
Атлетик Б
29 16 7 6
52:32
+20
55
5.
Севилья
29 13 8 8
53:44
+9
47
6.
 
Реал Сосьедад
28 13 7 8
49:39
+10
46
7.
Вильярреал
29 13 6 10
49:36
+13
45
8.
 
Валенсия
29 11 6 12
41:40
+1
39
9.
 
Эспаньол
29 10 7 12
32:34
-2
37
10.
 
Леванте
29 9 10 10
26:35
-9
37
11.
Гранада
29 10 4 15
28:39
-11
34
12.
Сельта
29 9 6 14
33:41
-8
33
13.
Малага
29 8 8 13
28:36
-8
32
14.
Эльче
29 7 9 13
24:41
-17
30
15.
Райо Вальекано
29 9 3 17
33:63
-30
30
16.
Осасуна
29 8 5 16
25:50
-25
29
17.
 
Хетафе
29 7 7 15
26:46
-20
28
18.
 
Вальядолид
29 5 12 12
31:49
-18
27
19.
 
Альмерия
28 7 5 16
27:52
-25
26
20.
 
Бетис
29 4 7 18
23:58
-35
19

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, sports.ru