Премьер-лига. ІІ тур қорытындысы

Премьер-лига. ІІ тур қорытындысы

Кеше футболдан ел премьер-лигасының екінші тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға кездесулердің нәтижелерін ұсынамыз.

«Ордабасы» (Шымкент) 0 – 1 «Астана» (Астана)


Маусым басында бас бапкерсіз қалған «Ордабасының» жайы оңалар емес. Алғашқы кездесуде «Қайсарға» жеңілсе, ІІ турда «Астанадан» ұтылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға жиналған жанкүйерлердің үмітін ақтамаған ұжым өз қақпаларына 82 минутта доп өткізіп алды. Гол авторы – Сисеро. Алдағы уақытта клуб жаңа бапкерін таныстыруға дайындалуда. Бәлкім содан кейін ойыны жүрер «Ордабасының». Ал екі кездесуден 4 ұпай жинаған «Астана» турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты. Сонымен қатар, дәл мұндай нәтижелер «Қайсар», «Тобыл», «Атырау», «Жетісу» және «Ертіс» еншілерінде де бар.

«Спартак» (Семей) 0 – 0 «Ертіс» (Павлодар)


Семейлік «Спартак» премьер-лигадағы алғашқы ұпайын еншіледі. Алмас Күлшінбаев шәкірттері алғашқы турда «кеншілер» ұжымын жеңген «Ертіспен» тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.

«Шахтер» (Қарағанды) 1 – 1 «Ақтөбе» (Ақтөбе)


Бұл турдағы кездесулерде ең көп гол осы ойында соғылды. Олай дейтініміз, ІІ турда соғылған 4 голдың 2 голы осы кездесуге тиесілі болып отыр. Алғаш болып қонақтар есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Юрий Логвиненко баспен қақпаны дәл бағыттады. Ал оған жауап голын 65 минутта Тоқтар Жаңғылышбай соқты. Осылайша қатарынан батысқазақстандық командадан алты кездесу жеңілген «Шахтер» жеңіліс сериясын тоқтатты.

«Жетісу» (Талдықорған) 0 – 1 «Қайрат» (Алматы)


Сырт алаң деп есептелгенімен «Қайрат» өз алаңында өнер көрсетті. Өйткені, талдықорғандық ұжымның стадионы маусымға дайын емес. Алғашқы турда «Атырауға» жеңілген Владимир Вайсс командасы тағы жеңіледі дегенге жанкүйер қауым көп сене қоймаған-ды. Десе де тәжірибесі мол бапкері бар «Жетісу» жеңісті жұлып кетті. 20 минутта Шаффтың соққан голы командаға жеңіс сыйлады. Осылайша екі тур қатарынан жеңілген алматылық ұжым дәл өзінің кебін киіп үлгерген «Ордабасымен» 29 наурыз күні үш ұпайды сарапқа салатын болады.

«Атырау» (Атырау) - «Тобыл» (Қостанай)

Маусымды сәтті бастаған ұжымдар арасындағы кездесуден де гол көре алмадық. Алаң иелері шабуылды басты назарға алып ойнағанмен, қонақтар қапасының кілтін таба алмады. Премьер-лиганы жаңа құраммен бастаған "Атырау" алғашқы алтылыққа енуге талас жүргізетін командалардың қатарынан табылатын секілді.

«Қайсар» (Қызылорда) - «Тараз» (Тараз)

Дмитрий Огай мен Арно Пайперс командасы да тең тарқасты. Алғашқы турда "Ақтөбеден" жеңілген "Тараз" алғашқы ұпайына қол жеткізді.

Екінші турдың қорытындысы:

Турнир кестесі

  Командалар  Ойын   Жеңіс   Тең   Жеңіліс   Голдар   Ұпай   
1  Ақтөбе 2 1 1 0 3-1 4
2  Тобыл 2 1 1 0 2-1 4
3  Астана 2 1 1 0 1-0 4
4  Қайсар 2 1 1 0 1-0 4
5  Ертіс 2 1 1 0 1-0 4
6  Жетісу 2 1 1 0 1-0 4
7  Атырау 2 1 1 0 1-0 4
8  Шахтер  2 0 1 1 1-2 1
9  Спартак 2 0 1 1 1-2 1
10  Тараз 2 0 1 1 0-2 1
11  Қайрат 2 0 0 2 0-2 0
12   Ордабасы         2 0 0 2 0-2 0


Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vk.com

Ө. Сансызбай