Еуропа Лигасы. Жанкүйерлер күтпеген нәтижелер

Еуропа Лигасы. Жанкүйерлер күтпеген нәтижелер

Еуропа Лигасының ширек финалына шыққан барлық командалар анықталды. Енді бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де өздерінің 1/4 финалдағы қарсыластарын анықтайтын болады.

Қарағандылық "Шахтермен" бір топта бақ сынаған "АЗ Алкмаардың" жолы болып келеді. Дик Адвокат жаттықтыратын ұжым қос кездесу қорытындысы бойынша махачкалалық "Анжиді" жарыс жолынан шығарды. Осылайша ресейлік командалар еурододағы жорығын аяқтады. 

          

"Фиорентина" өз алаңында туриндік "Ювентусты" қабылдап 0:1 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы ойында 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Жеңіс голын Андреа Пирло айып добынан соқты.

Тартысты кездесу Португалияда орын алды. Лиссабондық "Бенфика" лондондық "Тоттенхэмді" ұтып тұрып, соңғы 10 минутта жеңіліп қалуға шақ қалды. Нағыз ағылшындық футбол үлгісін көрсеткен Тим Шервуд командасы ойынды 2:2 есебімен тең аяқтады.

Испаниялық "Валенсия" қос кездесуде де "Лудогорецті" тізе бүктіріп,  ширек финалға сүрінбей өтті.

Неапольда жергілікті "Наполи" "Портуды" жеңе алмады. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде 12 ұпаймен сүрінген ұжым, бұл кездесуде де тамаша өнер көрсеткенімен, тәжірибелі португалдық команда келесі кезең белесін бағындырып кетті. Қос кездесу қорытындысы бойынша есеп 2:3 болды.

Францияның "Лионы" өз алаңында "Виктория Пльзеньді" 4:1 есебімен жеңгенімен, түзде 2:1 нәтижесімен жеңіліп қалды.

Нағыз тартысты кездесу "Зальцбург" пен "Базель" арасында орын алды. Алаң иелері бірінші болып есеп ашқанымен, алғашқы таймда 10 футболшымен қалған швейцариялық клуб таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіске де жетті.

Ширек финалдың тағы бір жолдамасы жолындағы командалардың ойыны қызықты өтті. "Бетис" пен "Севилья" дербиі пенальти сериясына дейін созылды. Ал кездесу соңындағы "лотореяда" қонақтар 3:4 есебімен жеңіске жетті.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай