Әлем чемпионатына арналған тиын шығады

О Сансызбай Корреспондент
Әлем чемпионатына арналған тиын шығады

Үш айдан кейін футболдан Бразилия жерінде төрт жылда бір келетін Әлем чемпионаты басталады. Осыған орай Қазақстанның ұлттық банкісі дүбірлі додаға арнап тиын шығаратын болды.

БӨЛІСУ

«Proof» сапасымен жасалатын тиындардың құны 100 теңгелік болады. 925–ші сынамадағы күмістен құйылатын тиындардың салмағы – 24 грамм, диаметрі - 37 миллиметр, ал таралымы - 6000 болмақшы екен.

Тиынның алдыңғы бетіне (аверсе) Қазақстан Республикасы Елтаңбасы және "Қазақстан Ұлттық Банкі" мен "Ag 925 24 g" деген тиынның қандай металлдан жасалғаны, салмағы, сынабы туралы жазылған жазу бар. Сонымен бірге, тиынның құны мен шыққан уақыты бейнеленген. Ал қарсы бетінде (реверсе) футболшылардың алаңдағы доп теуіп тұрған сәті мен оны қоршай ағылшын тілінде "2014 FIFA WORLD CUP BRAZII™" деген жазу орналасқан.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, fifa.com