Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Қазақстан Барысында" қандай өзгерістер бар?

"Қазақстан Барысында" қандай өзгерістер бар?

Төртінші рет байрағын көтергелі отырған еліміздегі ұлттық спортты әспеттеудегі танымал жобалардың бірі – «Қазақстан Барысының» өткізілу жүйесіне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы аталған жобаның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары ақпарат таратып отыр.

Сонымен "Қазақстан Барысы" дүбірлі додасының биылғы маусымындағы 5 басты жаңалық:


1. Төрешілер саны қысқарды. 29 маусым күні өтетін финалдық бәсекеде сынақтан өткен ең үздік 6 төреші қазылық жасайды. Ақтық сында қызмет ететін төрешілер өз қалталарынан 1000 АҚШ доллары көлемінде жарна төлейді. Егер төреші қателікке бой алдыратын болса, қаржысы азая береді. Ал өз ісін адал атқарып шыққан тура биге 5000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынылады. 

2. Жеңімпаз және жүлдегер балуандардың бапкеріне берілетін сыйақы көлемі азайды. Биыл жүлдеге іліккен үш балуанның бапкерлеріне бірдей көлемде 20 мың АҚШ доллары табысталады. Бүгінге дейін "Қазақстан Барысы" атанған балуанның жаттықтырушысы 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған еді.

3. Бас жүлде иеленген балуанға көлік берілмейді. "Қазақстан Барысының" үш маусымында топ жарған балуандардың барлығы 150 мың АҚШ долларына қосымша, қымбат көлікке де иелік ететін. Биылдан бастап, демеушілер ұсынған шетелдік темір тұлпар көрермен көңілінен шығып, жақсы күрес көрсеткен балуандардың біріне табысталады. Бұл туралы жобаның авторы Арман Шораев: «Биыл осы бағытта ойлана отырып, өзгерістер енгіздік. Біз сыйлаған көліктен бөлек, жеңімпаздарға өздерінің жерлестері, бауырлары, кәсіпкерлер үстемелеп бірінің үстіне бірін беріп жатыр. Сондықтан біз тағайындаған көлікті мықты күресіп, бірақ жүлдеге жете алмаса да, көрермен көзайымына айналған палуанға тапсырсақ деп отырмыз», - деді.

4. Бүгінге дейін "Қазақстан Барысы" жобасында чемпион атанған спортшы 150 мың АҚШ долларын теңгеге шаққанда 22,3 миллион сыйақы алған болатын. Биыл жеңімпаз балуан 27,3 миллион теңгеге иелік етеді.

5. 2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров финалдық бәсекеге тікелей жолдама алады. Ал 2012 жылғы "барыс" Бейбіт Ыстыбаев Жамбыл облысында өтетін іріктеу сынында бақ сынап, үздік екі спортшыға берілетін финалдық сын жолдамасына таласады. Сонымен қатар, талай арудың арманына айналған палуан 23 наурыз күні шаңырақ көтереді екен.

Естеріңізге сала кетсек, 29 маусым күні Астана қаласында өтетін дүбірлі дода Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатымен қатар келеді екен. Бұл туралы «KazSport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп: «ҚазСпорт» арнасы «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекесін көрсету құқығын сатып алды. Мейлі алты, мейлі жеті сағатқа созылса да толықтай көрсетеміз. Биыл маусым айында Бразилияда футболдан әлем чемпионаты өтетін болады. 29 маусым күні сол доданың да қызған шағы. Алайда, қандай командалар кездессе де, біз бірінші ретте «Қазақстан Барысын» көрсететін боламыз. Ал, әлем чемпионатының ойындарын артынан қайталап көрсете береміз. Өйткені, біз ұлттың арнасы болғандықтан алдымен ұлттың құндылығын насихаттаймыз, – деді. Сонымен қатар, «Қазақстан Барысы» сынының ақтық кезеңіне берілер жолдамалар сарапқа салынатын әр өңірдегі іріктеулер кезеңі қатаң бақылауға алынбақ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Дереккөз: kazakhstanbarysy.kz

Сурет: sports.kz,sportinfo.kz

Қосылған күні: 17 наурыз 2014, 15:43
Пікірлер
+0
17 наурыз 2014, 16:13

Қызу қызық болғалы тұр не де болса ))

+0
18 наурыз 2014, 00:19

Бейбіт үйленді десең иа )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.