Премьер-Лига. І тур қорытындысы

О Сансызбай Корреспондент
Премьер-Лига. І тур қорытындысы

Футболдан ел премьер-лигасының І тур ойындары аяқталды. Маусымның алғашқы голын семейлік «Спартактың» футболшысы Максим Азовский соқты.

БӨЛІСУ

«Тобыл» (Қостанай) 2 1 «Спартак» (Семей)


Премьер-лигаға қосылған Шығыс Қазақстан облысының командасы сауатты ойынымен ерекшеленді. Алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші таймда алаңға кірген Максим Азовский алғашқы шабуылында-ақ гол соғып, маусымның шымылдығын түрді. Дегенмен Алмас Күлшінбаев командасы жеңісті қолда ұстап тұра алмады. 77 минутта Анатолий Богданов таразы басын теңестірсе, жеңіс голын Огнен Красич соғып кетті.

«Тобыл» — «Спартак» 2:1 (0:0)
Голдар:
 М.Азовский 68 (0:1), Богданов 77 (1:1), Красич 80 (2:1)
Ескертулер: Самченко 12, Куцов 85 — Кучера 71, Богданов 79, Еслинек 85
«Тобыл»: 35. Петухов, 5. Богданов, 8. Шливич (81. Шимкович 79), 9. Жұмасқалиев (к), 11. Волков, 13. Кушнир (24. Красич 58), 23. Джалилов (37. Аслан 56), 25.Кучера, 33.Тонев, 87. Гекиевич, 99. Еслинек
«Спартак»: 30. Рихард, 5. Самченко, 9. Тұрысбек, 11. Ахметов (8. Нұрғалиев 26), 19. Ерсәлімов (18. М.Азовский 67), 20. Куцов (к), 40. Сағындыков, 52. Генев, 71. Дюлгеров, 77. Пеев (7. Сахалбаев 89), 84. Йованович
Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Суюнов (Павлодар), Полуэктов (Тараз) 

«Ертіс» (Павлодар)1 – 0 «Шахтер» (Қарағанды)


Өткен маусымда ел намысын еурододада қорғаған ұжымдардың кездесуі тартысты өтті. Өз алаңдарында бір-біріне есе жібермейтін командалардың ойыны тағы қайталанды. Негізгі құрамындағы бірнеше футболшыларынан айырылған «кеншілер» ұжымы керекулік командадан әлсіз екенін танытты. Жақында ғана «Ертіс» тізгінін ұстаған Тармо Рюйтли алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Сонымен қатар, бұл кездесуге Роман Мұртазаев пен Алдин Джидич қатыспады. Ал кездесудегі жалғыз голды Евгений Аверченко өз еншісіне жазды. Маусымды сәтсіз бастаған қарағандылық ұжым екінші жеңілісіне ұшырады. Осыған дейін Суперкубок сынында «Ақтөбеге» есе жіберген болатын.

«Ертіс» — «Шахтёр» 1:0 (1:0)
Гол: 
Аверченко 32 (1:0)
Ескертулер: Бақаев 27, Коробов 28, Бурзанович 76, Иванов 82 — Порываев 86
«Ертіс»: 1. Джоджо, 3. Чернышов, 5. Говедарица, 6. Чичулин, 8. Аверченко (13. Аяғанов 70), 10. Бақаев (к), 15. Хлебоун, 19.Сартаков, 23.Коробов, 30. Дудченко (98. Бурзанович 46), 77. Мухутдинов (11. Иванов 61)
«Шахтёр»: 35. Мокин, 3. Вичюс, 4. Василевич, 6. Фернандес (7. Байжанов 28), 14. Финонченко (к), 17. Порываев, 25. Малый, 27. Мурзоев (9. Топчагич 77), 29. Саломов (10. Қонысбаев 85), 77. Лунин, 87. Симчевич
Төрешілер: Ысқақов, Құсаинов, Әубәкіров (бәрі де — Астана) 

«Қайсар» (Қызылорда)1 – 0 «Ордабасы» (Шымкент)


Шымкенттік ұжым маусымды сәтсіз бастады. Түзде ойнаған «Ордабасы» қызылордалық командаға есе жіберді. Алғашқы минуттарда алаң иелеріне басымдығын байқатқысы келген қонақтар қарқынынан түк шықпады. Есесіне қарымта шабуылды басты назарда ұстауға тырысқан «Қайсар» өз дегеніне жетуге асықты. 23 минутта Қуаныш Қарақұлов бастап барған команданың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Пенальтиден жақында клуб сапын толықтырған Душан Савич мүлт кетпеді. Кейіннен екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады.

«Қайсар» — «Ордабасы» 1:0 (1:0)
Гол: 
Савич (пенальтиден) 23 (1:0)
ескертулер: Әшірбеков 22, Нұрғалиев 58
«Қайсар»: 13. Прядкин, 3. Балтаев, 4. Кулибали, 5. Даутов, 10. Землянухин (17. Молдақараев 72), 22. Шестаков, 25. Савич (7. Мощников 70), 28. Хунт, 44. Кляйн, 77. Калинин, 90. Марушко (15. Яблан 82)
«Ордабасы»: 1. Григоренко, 4. Мұхтаров, 5. Сүйімбаев, 7. Нұрғалиев, 10. Әшірбеков (к) (18. Тажімбетов 68), 14. Мвесигва, 20. Лёвин, 25. Диакате, 28. Юнузович (17. Төлебек 81), 33. Гетериев (12. Касьянов 73), 89. Черны
Төрешілер: Алиев, Шабанов, Қошқаров (бәрі де — Алматы) 

«Тараз» (Тараз) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)


Бұл маусымда «Ақтөбенің» адуыны жоғары. Жеңісті Суперкубокпен бастады. Таразда өткен кездесудің 40 минутта Марат Хайруллин пенальтиден есеп ашты. Араға 3 минут сала Сигурни Банджар өз қақпасына доп енгізіп алды. Осылайша есеп 0:2-ге жетті. Екінші таймда командалар ойынындағы нәтижеде өзгерістер орын алмады. 

«Тараз» — «Ақтөбе» 0:2 (0:2)
Голдар:
 Хайруллин (пенальтиден) (0:1), Банджар 43-автогол (0:2)
Ескертулер: Қожамберды 26, Досмағамбетов 56, Тлешев 89
«Тараз»: 1. Нұрмұхаметов, 2. Банджар, 5. Скорых, 6. Д.Евстигнеев (к), 11. Досмағамбетов (7. Сергиенко 71), 14. Айтбаев, 15. Рок, 18. Голич, 20. Уббинк, 22. Әміррханов (10. Байтана 73), 23. Қожамберды (9. Тлешев 67)
«Ақтөбе»: 55. Сидельников, 3. Мулдаров, 5. Бадло (к), 10. Хайруллин, 11. Неку (78. Зенькович 85), 16. Арзуманян, 21. Коробкин, 23. Логвиненко, 50. Гейнрих (9. Пиззелли 65), 77. Мирошниченко, 80. Кападзе (18. Шабалин 88)
Төрешілер: Хисамутдинов, Журавлёв, Тасыбаев (бәрі де — Павлодар) 

«Астана» (Астана) 0 – 0 «Жетісу» (Талдықорған)


Кездесудің фавориті саналған елордалық ұжым қарсыластарына мықтылығын таныта алмады. Ойында есеп ашылмады. 52 минутта Сисеро пенальтиді сәтті орындай алмай сан соқты. Омар Тетрадзе баптайтын талдықорғандық ұжым Астанадан бір ұпай еншілеп қайтты.

«Қайрат» (Алматы) 0 – 1«Атырау» (Атырау)


Алматылық ұжым өз алаңында "Атырауға" есе жіберді. Кездесудегі жеңіс голын клубтың сапын жақында ғана толықтырған Савио Нсереко соқты. Осылайша алғашқы кездесуін Владимир Вайсс шәкірттері сәтсіз бастады. Трансферлік маусымда талантты және тәжірибелі футболшылармен қатарын толықтырған батысқазақстандық клуб оңтүстік астанадан 3 ұпай еншілеп қайтты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, alaman.kz