"Ордабасы" бас бапкерсіз қалды

"Ордабасы" бас бапкерсіз қалды

Шымкенттік «Ордабасы» санаулы күндерден кейін басталатын ел премьер-лигасын бас бапкерсіз бастауы мүмкін. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Шымкенттік команда мен украиналық маман арасындағы келісімшарт осы жылдың шілде айына дейін болатын. Әзірге екіжақты келісімнің бұзылу себебі белгісіз болып отыр. Ал, қазақстандық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Виктор Васильевич кеше түнде Шымкенттен кетіп қалған екен. 

Сонымен қатар, tengrinews.kz сайты ақпараты бойынша, енді бапкерсіз қалған команданы жақында павлодарлық «Ертістің» тізгінін денсаулығына байланысты босатқан Талғат Байсуфинов жаттықтыруы мүмкін. Ал sportinfo.kz сайты хабарлауынша, бас бапкер мен Мұхтар Бековтың бірлескен трансферлік жұмысы мен ісі клуб президенті Берік Омарбековтың көңілінен шықпаған көрінеді. Әзірге команданың бапкерлік қызметін Қуаныш Қарақұлов атқаратын болды. Ал жаңа бапкер жақын күндері белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай жағдай өткен жылы да орын алған болатын. Қызметінен кеткен Виктор Пасульконың орнына Вахид Масудов келген-ді. Алайда команданың сүреңсіз кездесулерінен кейін, клуб басшылығы украиналық маманды қайта шақырған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай