Қазақстан ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы бір саты жоғарылап, 127-ші орынға табан тіреді.

БӨЛІСУ

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде аса көп өзгеріс орын ала қойған жоқ. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы екінші орыннан қозғалмады. Үштікті «неміс машинасы» қорытындылап тұр. Швейцария мен Уругвай орын ауыстырса, Нидерланды құрамасы ондықтан шығып қалды. Ал бұл айдың алғашқы ондығын Бельгия құрамасы қорытындылады.

Ең төменгі нәтижені Мьянма ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 43 саты төмендеп, 173-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Вьетнам құрамасы еншіледі. Олар бірден 18 саты жоғарылап, 125-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Египет, Ауғанстан және Ирак ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 5 наурыз күні ұлттық құрамалар жолдастық кездесулер өткізген болатын. Қазақстан құрамасы Түркия жерінде Литвамен кездесіп, 1:1 есебімен тең ойнаған-ды. Жақында ғана ел құрамасы тізгінін ұстаған Юрий Красножан командасын жеңілістен Нұрбол Жұмасқалиев құтқарған еді. Осылайша Халықаралық футбол федерациясының кезекті рейтингінде жерлестеріміз 127-ші орыннан көрінді.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

11. Нидерланды

30. Чехия

38. Түркия

52. Исландия

113. Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания - 1510 ұпай,
2 (2). Германия - 1336,
3 (3). Аргентина - 1234,
4 (4). Португалия - 1199,
5 (5). Колумбия - 1183,
6 (7). Уругвай - 1126,
7 (6). Швейцария - 1123,
8 (8). Италия - 1112,
9 (9). Бразилия - 1104,
10 (11). Бельгия - 1084,

Жақша ішіндегі сан өткен айдағы рейтинг көрсеткіші

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com