"Қайраттың" қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
"Қайраттың" қарсыласы анықталды

Футзалдан УЕФА Кубогы финалдық кезеңінің жеребесі тартылып, ел намысын қорғайтын алматылық "Қайраттың" қарсыласы белгілі болды. Әзірбайжан астанасы Баку қаласындағы "Hilton" қонақ үйінде болған жеребе тарту рәсімінде жерлестеріміздің қарсыласы болып мәскеулік "Динамо" танылды.

БӨЛІСУ

Естеріңізге сала кетсек, футзалдан (шағын футболдан) кәрі құрлықтың ең беделді турнирі болып саналатын УЕФА Кубогын өткен маусымда алматылық "Қайрат" жеңіп алған болатын. Дәл сол ақтық сында кездескен "Динамо" бұл жолы жартылай финалда жолықты. Ал сол "төрттіктің" жартылай финалында жерлестеріміз "Барселонаны" 5:4 есебімен жеңген еді. Жақында ғана Алматыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен "Еременко Кубогының" финалдық кезеңінде қарсыластарын ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырынан да көрінген-ді. 

"Қайрат" пен "Динамо" арасындағы жартылай финалдық кездесу 24 сәуір күні сағат 15:30-да өтетін болса, ал алаң иелері "Араз" бен "Барселона" арасындағы ойын дәл сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. 

Үшінші орын үшін өтетін кездесулер 25 сәуір күні болса, ақтық кездесу 26 сәуір күні Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Бұл ойындардың нақты уақыты әлі белгіленген жоқ. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sports.kz