Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Паралимпиадашыларымыз іріктеу сынында сүрінді

Паралимпиадашыларымыз іріктеу сынында сүрінді

Паралимпиадашыларымыз іріктеу сынында сүрінді

Бүгін Сочидегі ХІ Паралимпиада ойындарының шаңғымен жарысудан спринт сынында жерлестеріміздің жолы болмады. Қазақстандық 5 спортшы да іріктеу кезеңінен өте алмай қалды.

Жарыс жолына бірінші болып шыққан Жаңыл Балтабаева 1 шақырымдық спринт сайысының іріктеу кезеңінде соңғы орынға тұрақтады. Дәл осындай көрсеткішті әйелдер арасындағы 1 шақырымдық шаңғымен түрегеп жарысу және еркін әдіс сынында бақ сынаған Елена Мазуренко да көрсетті.  Ал ерлер арасындағы осы қашықтықты еркін әдіспен жүріп өту жарысында Александр Колядин 33-орынды, Ерлан Омаров 35-орынды (бұл да соңғы орын) қанағат тұтты. Көзінен жарақат алған спортшылар арасындағы 1 шақырымдық еркін әдістегі спринт бәйгелерінің іріктеу кезеңінде Қайрат Қанафин 13-ші орыннан көрінді. Алайда оның нәтижесі келесі кезеңге өтуіне жеткіліксіз болды. 

Естеріңізге сала кетсек, Сочи ХІ қысқы Паралимпиада ойындары 7 наурыз бен 16 наурыз аралығында өтеді.

Орын  Мемлекет    Алтын       Күміс       Қола       Барлығы   
1 Ресей 12 15 9 36
2 Германия 6 0 0 6
3 Украина 3 3 5 11
4 Австрия 2 2 0 4
5 Словакия 2 1 2 5
5 Жапония 2 1 2 5
7 Франция 2 1 1 4
8 Канада 1 3 4 8
9 Ұлыбритания  1 2 1 4
10 Швеция 1 0 1 2
11 Испания 1 0 0 1
12 АҚШ 0 3 5 8
13 Норвегия 0 1 0 1
13 Финляндия 0 1 0 1
15 Беларуссия 0 0 3 3

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: massaget.kz

Қосылған күні: 12 наурыз 2014, 16:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.