Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Чемпиондар Лигасы. Шешуші кездесулер болжамы

Чемпиондар Лигасы. Шешуші кездесулер болжамы

Чемпиондар Лигасы. Шешуші кездесулер болжамы

Бүгін Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында «Бавария» мен «Арсенал», «Атлетико Мадрид» пен «Милан» командалары арасындағы қарымта кездесулер өтеді.

«Бавария» (Германия) – «Арсенал» (Англия)


Осымен екінші жыл қатарынан жолдары түйісіп отырған ұжымдарды тартысты кездесу күтіп тұр. Лондондық «Арсенал» тағы да «Альянс-Аренаға» екі доп айырмашылығымен жеңіліп, аяқ басып отыр. 2012/2013 жылғы маусымдағы сында «канонирлердің» Мюнхенде есе қайтаруға шамалары жеткен болатын. Алайда өз алаңында өткізіп алған голдары келесі кезеңге жібермеген-ді.

Қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу де қызықты өткен еді. Месут Озил командаластарын алға шығаратын сәтті мүлт жібергенмен, қақпашы Войцех Щенсный алаңнан қуылғанға дейін Арсен Венгер шәкірттері жүйелі ойынымен көзге түскен болатын. Сол қарқынын бүгін қайта танытуға «Арсенал» белді бекем бууда. Алайда Пеп Гвардиола командасы бүгін өз алаңында ағылшындық клубтарға күтпес жерден жіберіп қоятын есесін «Арсеналдан» алуы бек мүмкін.

Соңғы кездесулерінде екі клуб та ірі есеппен жеңіске жетті. Мюнхендік ұжым сырт алаңда «Вольфсбургты» 1:6 есебімен тізе бүктіріп, қатарынан келе жатқан жеңісті сериясын 16-ға жеткізді. Ал бундеслигадағы 49 ойында жеңіліссіз келеді.

Арсен Венгер командасы соңғы кезедсуін ағылшын Кубогының ширек финалында «Эвертонға» қарсы өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесуде Озил, Артета және Жиру дубль авторы атанды.

Алаң иелері негізгі құрамдағы ойыншыларын кездесуге шығаруға дайын. Ал «Арсеналдың» жарақаты бар футболшылары жоқ күн де жоқ емес секілді. Тео Уолкотт маусым соңына дейін жасыл алаңға шықпайтын болса, Джек Уилшир, Начо Моньреал, Аарон Рэмси ойынға қатыспайды. Сонымен қатар, Киран Гиббс пен Лоран Косельни де кездесуге қатыспауы мүмкін. Ал команданың басты жоғалтқан футболшыларының бірі – қақпашы Войцех Щенсный. Алғашқы кездесуде алаңнан қуылғаннан кейін, команда бүгін Лукаш Фавьяньскийге сенім артатын болады.

Сонымен бүгін түнгі 01:45-те басталатын кездесу туралы букмекерлік орталықтар да өз болжамдарын ұсынуда. «Бавария» жеңісіне – 1,30 коэффициент, тең ойынға – 5,50  коэффициент, «Арсенал» жеңісіне – 9,50 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 2:0 нәтижесімен алаң иелері пайдасына шешіледі деген болжамдар жасалуда.

Арсен Венгер, «Арсенал» командасының бас бапкері:

- Бавария – әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. Бірақ, біз де өз күшімізге сенеміз. Бүгін алаңға төрт бірдей неміс футболшысы шығады. Олар: Серж Гнабри, Лукас Подольски, Пер Мертезакер және Месут Озил. Қалғанын жасыл алаңда көрерміз.


Хосеп Гвардиола, «Бавария» командасының бас бапкері:

- Алғашқы ойында қарсыластар қақпасына екі гол соқтық. Бұл біз үшін жақсы нәтиже. Десе де «Арсенал» қауіпті команда. Кез келген дүниені күтуге болады. Чемпиондар Лигасы – бундеслига емес. Сондықтан бүгін біз барынша күш жұмсайтын боламыз.

Жанкүйер қауым асыға күткен кездесуді Астана уақытымен сағат түнгі 01:45-те «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

«Атлетико» (Испания) – «Милан» (Италия)


Сенбі күні миландық команданың бас бапкері клубтың негізгі құрам ойыншыларын демалысқа жіберді. «Удинезеге» қарсы кездесуде екінші құрам футболшылары өнер көрсетті. Өйткені келер маусымдағы еурододан «Милан» үмітін үзген десе де болады. Чемпиондар Лигасының ширек финалына шығу – команда үшін маңызды. Өйткені, бұл кезеңді бағындырған команда 8 миллион евро табысқа кенелетін болады. Туриндік командаға қарсы кездесуде де жүйелі ойын көрсеткен-ді.

Кларенс Зеедорф командасында практикалық тұрғыдан мүмкіндік аз деп қарауға болады. Өз алаңында жеңілген «Милан» өз тарихында екі рет қана келесі кезеңді бағындырған екен.

Кездесу алдындағы командалар құрамы:

«Атлетико» (4-4-2): Куртуа — Алдервейрельд, Инсуа, Годин, Хуанфран — Коке, Габи, Диего, Туран — Коста, Вилья.

«Милан» (4-2-3-1): Аббьяти — Абате, Сапата, Рами, Эммануэлсон — де Йонг, Эссьен, Таарабт, Кака, Поли — Балотелли.

Букмекерлік орталықтар «Атлетико» жеңісіне – 1,44 коэффициент, тең ойынға – 4,33  коэффициент, «Милан» жеңісіне – 7 коэффициент беріп отыр. Нақты нәтиже бойынша есеп 3:1 нәтижесімен алаң иелері пайдасына шешіледі деген болжамдар жасалуда.

- Мадридтік «Атлетико» Чемпиондар Лишасының ширек финалына 17 жыл бұрын шыққан екен. Ал ол кезде қазіргі бас бапкер Диего Симеоне «Интер» ойыншысы болатын.

- «Миланның» Чемпиондар Лигасындағы соңғы қонақтағы төрт ойыны да испаниялық клубтарға жеңілумен аяқталған екен.

- «Атлетико» командасы «Висенте Кальдерон» стадионында соңғы еурододағы 16 ойынның 15-де жеңіске жетіпті.

Кездесуге ағылшындық қазы Марк Клаттенбург төрелік етеді. Түнгі сағат 01:45-те басталатын кездесудің жазба нұсқасын «КТК» арнасынан түнгі сағат 03:50-де тамашалай аласыздар!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, sports.ru, sport.nur.kz

Қосылған күні: 11 наурыз 2014, 16:16
Пікірлер
+0
11 наурыз 2014, 21:33

жоғарғыда айтқандай; сол ойыншыларсыз Арсеналға қиын болмақ! демек бүгін Бавария мен Атлетиконың жеңісін тамашалайтын боламыз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.