Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Ман Сити" кубок жолынан шығып қалды

"Ман Сити" кубок жолынан шығып қалды

"Баварияға" қарсы қонақтағы ойынды ескеріп (Чемпиондар Лигасы аясында), "қалалықтардың" бас бапкері Мануэль Пеллегрини Венсан Компани мен  Давид Сильваны қосалқы құрамда қалдырды. Самир Насри, Яя Туре, Серхио Агуэро сынды ойыншылар бірінші минуттардан алаңға шықты.

"Уиган" бірінші минуттардан сауатты іс-қимылымен көзге түссе, "Сити" өз қалауын орындауда талапсыздығын танытып, өз бөлігінде пас асырудан ары аса алмады.

"Латикс" өз мүмкіндігін күтумен болды, 26-минутта сол күткен мүмкіндігі келді. Мартин Демикелис өз айып алаңында Марк-Антуанның өкшесінен басып кетіп, он бір метрлік айып добы белгіленді. Хорди Гомес есепті ашты - 0:1.

Алаң иелерінің жағдайы үзілістен соң тіптен қиындай түсті. Джеймс Макартур сол жақ бұрыштан айып алаңына доп асырған болатын, Гаэль Клиши алыс бұрышта Джеймс Перчке кедергі қыла алмады - 0:2.

Кейінгі уақыт бөлігінде "Уиган" қорғанысқа жамбастап жатып алды, "Сити" болса толассыз шабуылға көшті. Сондай сәттердің бірінде, 64-минутта қосалқы құрамнан шыққан Эдин Джеко қақпаға баспен соққы бағыттаған еді. Бірақ, доп қақпа түбінен кері серпілді. 

"Ситидің" өктемдігі 68-минутта жемісін берді. "Қалалықтар" тайлы-тұяғымен қалмай, бұрыштама добын орындауға көшкен болатын. Насридің айып алаңынан бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды - 1:2.

"Латикс" бір голмен болса да  өз бөліктерінен ойынды алып шығуға, бастарына төнген қауіпті басуға мүмкіндік алды. Алайда, демдерін ішке жинаған қалалықтар қайта бар күшімен алға шықты. Джеконың еншісінде бір-екі керемет сәттер болғанмен, бірақ бірінде соққының жолын қорғаушы кессе, бірінде  жақын жерден мүлт кетті.

Енді "Уиган" лондондық "Арсеналмен" ойын өткізеді. 

"Манчестер Сити" (Манчестер) – "Уиган" – 1:2 (0:1)

Голдар: Гомес 27’ (пенальти) – 0:1, Перч 47’ – 0:2, Насри 68’ – 1:2

"Манчестер Сити": Пантилимон, Ричардс, Лескотт, Клиши,Демикелис, Насри, Гарсия, Навас (Милнер 53’), Туре (Сильва 53’),Негредо (Джеко 53’), Агуэро

Қосалқы құрам: Компани, Коларов, Харт, Родвелл

"Уиган": Карсон, Крейни, Бойс, Рамис, Перч, Макичран (Эспиноза 66’), Маккэн (Барнетт 46’), Гомес,Макартур, Макманаман (Макклин 58’), Фортюн

Қосалқы құрам: Marcus, Аль-Хабси, Рогне, Ники

Ескертулер: Насри 34’, Туре 48’, Барнетт 69’, Милнер 77’, Карсон 85’, Джеко 85’, Эспиноза 90’

Бас қазы: Тэйлор Энтони.

"Этихад Стэдиум" (Манчестер) стадионы.

Автор: Әкежан Дәкен

Сурет: mcfc-fan.ru

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 наурыз 2014, 10:25
Пікірлер
+0
11 наурыз 2014, 01:27

"Баварияға" қарсы қонақтағы ойынды ескеріп (Чемпиондар Лигасы аясында) ???

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.