Денис Никиша Түркияда жүлдеге ілікті

О Сансызбай Корреспондент
Денис Никиша Түркияда жүлдеге ілікті

Түркияның Эрзурум қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Денис Никиша қола жүлде иеленді. 18 жастағы спортшымыз 500 метрлік қашықтықты 44,844 секундта бағындырды. 

БӨЛІСУ

Ал доданың жеңімпазы болып венгрлік шорт-трекші Шандор Лю Шаолинь танылды. Ол аталған қашықтықты 41.925 секунд уақытта бағындырды. Күміс канадалық Самуэль Жирардқа (42.051 секунд) бұйырды.

Естеріңізге сала кетсек, Денис Никиша Сочи ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарында 5000 метрлік командалық сында бесінші орыннан көрінген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kstnews.kz