"Қайрат" - "Еременко Кубогының" жеңімпазы!

О Сансызбай Корреспондент
"Қайрат" - "Еременко Кубогының" жеңімпазы!

Футзалдан алматылық "Қайрат" командасы халықаралық "Еременко Кубогының" жеңімпазы болып танылды. Алматыда өткен финалдық кезеңде жерлестеріміз екатеринбургтік "Синара" командасын ойсырата жеңді.

БӨЛІСУ

Финалдық кезеңнің ақтық сынында "Қайрат" қарсыластарының қақпасына 5 бірдей допты тоғытты. Гол авторлары - қақпашы Игита, Жоан және Алешандре ойында хет-трик авторы атанса, ресейлік команда бір доппен ғана жауап қатты. 

Үшінші орын үшін таласта "Газпром-Югра" "Тюменьді" 6:2 есебімен тізе бүктірді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz