Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Головкин мексикалық Чавестің болашақ қарсыластарының арасында көш бастап тұр

Головкин мексикалық Чавестің болашақ қарсыластарының арасында көш бастап тұр

Головкин мексикалық Чавестің болашақ қарсыластарының арасында көш бастап тұр

Орта салмақтағы WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий (GGG) Головкин мексикалық Хулио Сесар Чавес кішінің кездесуі мүмкін қарсыластары қатарынан табылды.  

Олардың арасынан лайықты қарсыласты анықтау үшін америкалық танымал ESPN спорт телеарнасы өз сайтында көрермендерге арнап дауыс беру желісін ашқан екен. Головкиннен бөлек, бұл тізімге аргентиналық Серхио Мартинес, британиялық Карл Форч және америкалық Андре Уорд еніп отыр.  

Сіз де өзіңіз қалаған боксшыны Сесар Чавестің қарсыласы атансын десеңіз, мына сілтеме өтіп даусыңызды бере аласыз. 

Осыған дейін америкалық Bleacher Report спорт сайты да Чавес кішіге қарсылас атанады деп бірнеше боксшының есімін атаған болатын. Ол жерде де бірінші Генаның аты аталып, бокс жанкүйерлері мен мамандарының қолдауын тапты. Bleacher Report пікірінше, Головкин – Чавес кездесуі жылдың үлкен оқиғасына айналып, HBO телеарнасы мен қос боксшының командасына да үлкен пайда алып келер еді.

Оның үстіне Чавестің өзі де осыған дейін ендігі қарсыласы ретінде Геннадий Головкинді көретінін ашық айтқан болатын. Ал оның промоутері Боб Арум болса, мексикалық боксшы мен Гена арасындағы кездесу биыл орын алуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Алайда Чавес алдағы "үлкен жекпе-жегіне" дейін тағы да бір кездесу өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.

Хулио Сесар Чавес - кәсіпқой рингте 50 кездесу өткізіп, оның 47-сін жеңіспен аяқтаған. Бір кездесуде тең түссе, біреуі белгілі себептерге байланысты өтпей қалды. Ал оның мансабына жалғыз ғана жеңілісті жазған аргентиналық Серхио Мартинес екендігін де айта кетейік.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.kz

Қосылған күні: 06 наурыз 2014, 19:50
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.