Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Қазақстан жастары Исландияны жеңді

Қазақстан жастары Исландияны жеңді

Қазақстан жастары Исландияны жеңді

Футболдан 2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында "Астана-Аренада" Исландия жастарын қабылдаған Қазақстан (U-21) құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы жастары кездесуді ширақ бастады. Допты бақылауда ұстап жүрген жерлестеріміз қарсыластардың қателесуін бағамдаумен жүрді. 7 минутта қонақтардың қорғаушысы берген пастан кейін қақпашы өз айып алаңында тайып жығылып, Тоқтар Жаңғылышбай Станислав Лунинге тамаша пас асырып, есеп ашты. 12 минутта «Шахтер» шабуылшысы Роман Мұртазаев қақпаны алыстан дәл көздеп, есепті еселей түсті. 28 минутта Романның тағы бір есепті еселеуге мүмкіндігі болды. Бірақ шабуылшы қақпаға дәл бағыттай алмады. 35 минутта «Астана-Арена» стадионының бір жақ қанаты жарығы сөніп, ойын аздап тоқтатылды. Алғашқы тайм аяқталар тұста қонақтар шабуылына жан кіре бастады. Алыстан бірнеше бағыттаған соққысы Стас Покатилов қақпасын жанап өтті. Бірінші таймға хорват төрешісі 6 минут қосты. Және сол алтыншы минут та алаңның бір қанатының жарығы сөнуімен аяқталды.

Екінші таймды Исландия жастар құрамасы шабуылмен бастады. 60 минутта қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған қонақтар футболшысы Фридерссон есепті қысқартты. Араға 6 минут сала бұрыштамадан асырылған допты қонақтар голға айналдырып кетті. 78 минутта Исландия құрамасы үшінші добын жерлестеріміздің қақпасында тулатқан-ды. Бірақ бұл сәтте қонақтар ойыншысы қолмен ойнағаны анықталды. Екінші таймда Саулюс Ширмялис шәкірттері қарсыластарынан екінші қабатта және стандартты жағдайда ойнаудан толықтай жеңіліс тапты. 85 минутта алғашқы голды соққан Станислав Лунин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Ойынның негізгі уақыты аяқталуға бір минут қалғанда Исламбек Қуат жеңіс добын қарсылас қақпасында тулатты. Жерлестеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

Қазақстан U-21 — Исландия U-21 3:2 (2:0)
Голдар: Лунин 7 (1:0), Муртазаев 12 (2:0), Фридьонссон 60 (2:1), Херманнссон 67 (2:2), Қуат 89 (3:2).
Ескертулер: Сартаков 18, Лунин 45+7, 86
Алаңнан қуылды: Лунин 86
Қазақстан U-21: Покатилов, Мирошниченко, Қожабаев, Пасечник, Бейсебеков (Пикалкин 92), Сартаков, Исламхан, Қуат, Лунин, Муртазаев (Ли 84), Жаңғылышбай (Ульшин 60)
Исландия U-21: Рунарссон, Ингасон, Херманнссон, Магнуссон, Траустасон (Атласон 85, Пальсон 93), Эмильссон (Вильяльмссон 46), Омарссон, Йеоманн, Бедварссон, Фридьонссон, Тораринссон.
Төреші: Домагой Вучков (Хорватия)
Астана. «Астана Арена». 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

1189 6
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 05 наурыз 2014, 22:13
Пікірлер
+0
05 наурыз 2014, 21:04

өте керемет, ал исландияға трагедия, бүгін қазақсианның жеңісіне тіккендер риза боп отқан шығар

+0
05 наурыз 2014, 21:06

Бас бапкері де Қазақстаннан жеңілсек біз үшін трагедия деп айтып еді... Жеңіс құтты болсын!

+0
05 наурыз 2014, 21:10

соңғы синдромның орын алмағанына дән ризамын. Өстіп ақырын жылжи отырып, бір күні жетістікке жететін болармыз.

+0
05 наурыз 2014, 23:22

жарықтың сөніп қалғаны нағыз умора :cry: Ал жеңіс үшін жастарға рақмет! :!:

+0
05 наурыз 2014, 23:57

жалпы бүгің қазақ футболының мерейі үстем болды :geek:

+0
06 наурыз 2014, 06:41

Жастар жарады! Біраз қорқытты ғой) Не болса да үш ұпай қоржында

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...