Карлес Пуйольді алмастыратын ойыншы бeлгілі болды

Карлес Пуйольді алмастыратын ойыншы бeлгілі болды

«Барселона» клубы осы маусымнан кейін командадан кететін қорғаушы Карлес Пуйольдің орнын алмастыратын ойыншының есімін жария етті.

Пуйоль жарақатына байланысты ішкі біріншіліктегі ойындарға қатыса алмай жүргендіктен, клубтан кетуге шешім қабылдаған болатын. Испаниялық ойыншы 2014 жылдың жазынан бастап еркін агент атанады.

The Telegraph-тың хабарлауы бойынша, каталондықтар енді лондондық «Челсидің» қорғаушысы Давид Луиске көз тігіп отыр. «Барселона» жиырма алты жастағы бразилиялық ойыншыға 2014 жылғы Әлем чемпионаты басталғанша 30 миллион евро төлеуге дайын. Каталондықтар бұдан бұрын да Луисті сатып алмақшы болған, алайда ойыншы ұсыныстан бас тартқан еді.

Сонымен қатар, Пуйоль карьерасын итальяндық «Миланда» жалғастыруы мүмкін. Тағы бір ақпарат бойынша, футболшының MLS біріншілігіне немесе катарлық клубтардың біріне ауысуы ықтимал.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: wallpapersoccer.com

Ш. Талап