Бүгін Қазақстан құрамасы Литвамен кездесу өткізеді

Бүгін Қазақстан құрамасы Литвамен кездесу өткізеді

Бүгін футболдан  Юрий Красножан баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Түркия жерінде Литва құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Жақында ғана ел құрамасының тізгінін ұстаған бапкердің бұл алғашқы ойыны болмақ.

Жолдастық кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Ойынды еліміздің арналары көрсетпейді.

Қазақстан құрамасының кездесу алдындағы құрамы:

Қақпашылар: Андрей Сидельников ("Ақтөбе"), Александр Мокин ("Шахтер"), Владимир Логиновский ("Астана"), Антон Цирин ("Атырау");

Қорғаушылар: Елдос Ахметов ("Астана"), Марк Гурман ("Қайрат"), Юрий Логвиненко ("Ақтөбе"), Виктор Дмитренко ("Астана"), Ренат Абдулин ("Атырау"), Константин Энгель ("Ингольштадт", Германия), Захар Коробов ("Ертіс", Павлодар), Сергей Малый ("Шахтер")

Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев ("Тобыл"), Мақсат Байжанов ("Шахтер"), Серікжан Мұжықов ("Астана"), Азат Нұрғалиев ("Ордабасы"), Хайнрих Шмидтгаль ("Фортуна", Германия), Валерий Коробкин ("Ақтөбе"), Павел Шабалин ("Ақтөбе"), Дмитрий Шомко ("Астана"), Анатолий Богданов ("Тобыл"), Бауыржан Жолшиев ("Астана");

Шабуылшылар: Танат Нөсербаев ("Астана"), Андрей Финонченко ("Шахтер"), Алексей Щеткин ("Атырау").

Ұлттық құрама үшін 2014 жылдың футбол маусымы шымылдығын түргелі отырған кездесуде букмекерлік орталықтар Литваны фаворит санауда. Қазақстан құрамасы жеңісіне – 3,35 коэффициент, тең ойынға – 3,1 коэффициент, Литва құрамасы жеңісіне – 2,2 коэффициент беріп отыр.


Литва құрамасына қарағандылық «Шахтердың» жартылай қорғаушысы Гедиминас Вичюс еніп отыр. Ол бүгін өзінің бірнеше командаластарына қарсы ойын өткізбек.

Қақпашылар: Гедрюс Арлаускис ("Рубин", Ресей); Эмилиюс Зубас ("Виборг", Дания);

Қорғаушылар: Тадас Киянскас ("Хапоэль", Хайфа, Израиль); Витаутас Андрюшкявичюс ("Юргорден", Швеция); Вальдемарас Боровскис ("Даугава", Рига, Латвия); Марюс Жалюкас ("Лидс", Англия); Георгас Фрейдгеймас ("Жальгирис"); Эгидиюс Вайткунас ("Богемианс-1905", Чехия); Ауримас Вилкайтис ("Лацио", Италия);

Жартылай қорғаушылар: Саулюс Миколюнас, Каролис Хведукас (екеуі де - "Севастополь", Украина); Миндаугас Панка ("Ирони", Кирьят-Шмона, Израиль); Миндаугас Калонас ("Симург", Әзірбайжан); Федор Черных ("Днепр", Могилев, Беларуссия); Гедиминас Вичюс ("Шахтер", Қарағанды); Арвидас Новиковас ("Эрцгебирге", Германия), Деймантас Петравичус ("Ноттингем Форест", Англия) және Гратас Сиргедас ("Штуттгарт-2", Германия);

Шабуылшылар: Нериюс Вальскис  ("Университатя", Литва); Симонас Станкявичус ("Лестер сити", Англия); Лукас Спальвис ("Ольборг", Дания).

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан жастар құрамасы 2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Исландия (U-21) құрамасына қарсы ойнайды. Қазақстан жастары исландиялықтармен өткен алғашқы ойында 0:2 есебімен жеңілген болатын. Қазіргі таңда ел құрамасы жастары Франция, Исландиядан кейін үшінші орында тұр. Бізден кейін Армения мен Белоруссия құрамалары орналасқан. Бұл ойында Қазақстан жеңіске жеткеннің өзінде тоғыз ұпаймен үшінші орында қалады.

Саулюс Ширмялис шәкірттері қаңтар айында Санкт-Петербург қаласында өткен «Достастық Кубогы» ойындарында сәтті өнер көрсетіп, бесінші орынға тұрақтаған еді. Бүгін де Бауыржан Исламхан бастаған жігіттерден жүйелі ойын өрнегін жанкүйерлердің күтетіні анық.

«Астана-Арена» стадионында өтетін кездесуді Астана уақытымен сағат 19:00-де «KazSport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.news.am, vk.com, sports.kz

Ө. Сансызбай