Видео: Зидан мен Роналдоның достары 8 доп соқты

Ла Лига Корреспондент
Видео: Зидан мен Роналдоның достары 8 доп соқты

Бернде өткен "кедейлікке қарсы кездесуде" Зинедин Зидан мен Роналдоның достары швейцариялық «Янг Бойз» командасымен сынға түсті.

БӨЛІСУ

Дәстүрлі қайырымдылық ойынында Зидан мен Роналдоның достары 8:6 есебімен жеңіске жетті. Бір айта кетерлігі, бас қосқан достар ортасында қыз-келіншектер арасында соңғы жылдардың ең үздік футболшысы атанып келген Марта да өнер көрсетіпті.

Жеңімпаздар сапында Зидан, Юрий Джоркаефф, Кристиан Вьери екі голмен көзге түссе, Нуну Гомеш пен Хакан Шукюр бір-бір голдан соққан.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: orange.mu